АҚТӨБЕ. 30 маусым. Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұжымының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтілді. Оған облыс әкімдігі аппаратының өкілдері, жергілікті және аймақтық атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Салтанатты шарада аталған департамент басшысы Қайрат Сөнтаев мемлекеттік қызмет саласындағыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
Шара барысында мемлекеттік қызмет саласындағы үлгілі еңбегі үшін 5 мемлекеттік қызметкер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметкер» арнайы төсбелгісімен марапатталды, 2 қызметкерге қызметтік пәтерлердің кілті табыс етілді. Сондай-ақ, тағы 2 мемлекеттік қызметкердің омырауына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі тағылды.
Сонымен қатар, сахна төріне орнатылған ЛЭД-экраннан жиналғандар департаменттің имидждік фильмі мен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты әлеуметтік бейнесюжетті тамашалады. Шара соңында жас мемлекеттік қызметкерлер «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес ант қабылдады. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11