04 Наурыз, 2015

Әйелдер белсенділігі артып келеді

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова «БҰҰ - Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі, Орталық Азиядағы «БҰҰ-Әйелдер» бірнеше елге арналған бөлімшесінің директоры Илейн Конкиевичпен кездесті. Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Г.Әбдіқалықова гендерлік тең­дікті ілгерілету, еліміз қатысу­шысы болып табылатын әйелдерге қатыс­ты шектеудің барлық пішін­дерін жою туралы БҰҰ Конвен­циясының ережелерін сақтау жөніндегі бірлескен жұмысқа да қанағаттанатынын білдірді. «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының бел­сенді ықпал етуімен Қазақстан Рес­пуб­ликасының  2006-2016 жыл­дар­ға арналған Гендерлік теңдік стра­тегиясы әзірленіп, қабыл­данды. Г.Әбдіқалықова қазіргі жағ­дай­дағы әйелдер рөлінің көпқыр­лылығын айта келіп, олардың жан-жақты дамуы мен жасампаздық әлеуетін іске асыруға жағдай жасау қажеттігін атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа  Экономикалық Саясатының аясында  жаңа жұмыс орындары мен өндіріс орын­дарының құрылуына байланыс­ты іске асырылатын барлық инфрақұрылымдық жобаларға әйелдерді белсенді тартуға Ұлттық комиссия  барынша ықпал ететінін көлденең тартты. Тараптар әйелдерді  жұмыспен қамту,  әйелдер кәсіпкерлігіне қол­дау көрсету, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мәселелерін шешудегі ын­ты­мақтастықтың одан арғы келе­шегін талқылады. Кездесуге Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко қатысты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».  сурет : baq.kz
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15