Қызылорда облысында екі бірдей спорт кешені ашылды
Қызылорда облысының екі бірдей ауданында, яғни, Жаңақорған мен Қазалыда заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Спорт кешендері қажетті құрылғылардың барлығымен жабдықталған. Құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталған спорт нысанында бір мезгілде 150-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар. Жаңақорған ауданындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына облыстық мәслихаттың хатшысы Ақмарал Әлназарова қатысты.
– Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Жаңақорғанның жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақтатады деген сенімдеміз, – деді ол.
Жаңақорғандықтар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа ризашылығын жеткізіп, жас спортшыларымыз алдағы уақытта дүбірлі додаларда намысты қолдан бермей көк байрағымыздың биіктен желбіреуіне атсалысатынын айтты.
Сондай-ақ, дәл осындай спорт нысаны Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ашылды. 160 орындық заманауи үлгіде салынған спорт кешенінің ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы құттықтап, мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының басты бағыттарының бірі – жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасау екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі ашылып отырған сауықтыру кешенінен тәрбиеленетін спортшылардың ел абыройын асқақтататынына сенім білдіретіндігін жеткізді.
Айта кетейік, облыста бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлініп, қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешені мен үш мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Қызылорда облысы.

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50