30 Маусым, 2015

Алматыда ауыл баласы Роза Рымбаевмен бірге ән айтты

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
30.06.2015 PAV-3 jpgПАВЛОДАР. 30 маусым. Баянауылдың Жаңажол ауылындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Жаңбырбай Әділхан алғаш рет «Бақытты балалық шақ» атты аудандық ән байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 30.06.2015 PAV-4 jpgОдан кейін облысық «Жаңа жұлдыз-2014», «Ертіс-Баян жұлдыздары» байқауларында әнші бала атанып, көзге түседі. Жуырда   Астананың туған күніне арналған «Әнім сенсің – Астана» атты Астанаға арналған әндер байқауында «Ең жас әнші» номинациясына ие болды.  Ауыл ұстаздарының айтуынша, Жаңбырбай мектепте, ауылда өтетін мерекелік  шаралардың сәні мен мәні көрінеді. Биыл Әділханның таңдаудан өтіп жолы болыпты. Алматыда өтіп жатқан ЮНЕСКО көлеміндегі «Дети в ритме Мира» фестивалінде Роза Рымбаевамен бірге «Ертеңге сенемін» атты әнін орындап шықты. Өзі жеке «Сәлем саған туған ел», «Асыл жаным-ай» әндерін айтып берді. Роза апасы оған сен Әділхан, болашақ сахна жұлдызысың деп батасын береді. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz