АСТАНА. 4 наурыз. Жақында ғана Қазақстан Футбол федерациясы неміс футболшысы Александр Меркельдің ұлттық құрамаға қосылғанын мәлімдеді. Осы туралы еліміздегі ең танымал футболшылардың бірі, ұлттық құраманың капитаны Самат Смақов өз ойымен бөлісті. Бұл туралы kff.kz хабарлады.
– Меніңше, Италияның «А» сериясында кез келген адам ойнамайды. Оның үстіне, «Миланның» негізгі құрамына ілігу нағыз шеберлікті талап етеді. Ал Александр осының бәрінен өткен футболшы. Сондықтан ол біздің ұлттық құраманың ойынына тың серпін берері сөзсіз, – дейді тәжірибелі футболшы.
Сонымен қатар, Самат Смақов неміс футболшысы туарлы білетін деректерімен бөлісті. «Жалпы, Александрмен жеке таныс емеспін. Сол себепті, ол туралы жанкүйерлер мен біздің басқа футболшыларға белгілі деректерді ғана білемін. Яғни, оның Алматыда дүниеге келгенін, кейін ата-анасымен Германияға көшіп кеткені жайлы хабардармын. Сондай-ақ, «Штутгарттың» жастар командасында шеберлігімен көзге түсіп, соның нәтижесінде, «Миланға» ауысқан. Қазір ол Италияның «Удинезе» командасына тиесілі футболшы. Әйтсе де, Швейцарияның «Грассхоппер» командасына жалға берілген екен. Футболшының ойынын әлі көріп үлгермедім», – деген Самат мамандардың Меркельдің ойынына оң баға беріп жатқаны көңіл қуантатынын айтты.
«Сондай-ақ, Александр Германия құрамасының жасөспірімдер мен жастар командаларында ойнаған футболшы. Бұл мол тәжірибе. Сол тәжірибенің Қазақстан ұлттық құрамасындағы ойынына пайдасы тиеріне сенімдімін. Германия өз ұлттық құрамасы үшін футболшы дайындауда әлемде алдыңғы қатарда. Тіпті бұл мәселе ол жақта белгілі бір жүйеге қойылып, жемісті жұмыс істеуде. Оны білу үшін білікті футбол маманы болудың да қажеті шамалы. Тіпті бүгінде бундестим туралы, неміс футболының қарқыны жайында біреуге түсіндіріп жатудың өзі артық. Ол үшін ФИФА-ның қазіргі рейтингіне назар аударса жеткілікті. Ал ол жерде Германия көш бастап тұр. Сондықтан Александрдың Германия құрамасының жастар командасында ойнауы оның білікті футболшы ретінде өсуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Милан» сапында жүріп жоғары деңгейлі футболшылармен бір командада ойнаудың өзі Меркельге өмірлік тәжірибе болғаны анық. Одан бөлек, Александр орыс тілінде еркін сөйлейді. Командаға сіңісіп, тез тіл табысып кету үшін тілдің көмегі зор. Ең маңыздысы, құрамадағы өзге әріптестерімен және бас жаттықтырушы Юрий Анатольевичпен оңай тіл табысатын болады», – деп ұлттық құраманы капитаны су жаңа әріптесіне сәттілік тіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: kff.kz.
• 04 Наурыз, 2015
Самат Смақов: Меркель ұлттық құраманың ойынына тың серпін береді

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Ата заң • Бүгін, 16:08
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Қоғам • Бүгін, 15:56
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Экономика • Бүгін, 15:44