ПЕТРОПАВЛ. 4 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер аса жұқпалы әрі қоғам үшін үлкен қауіп төндіретін туберкулездің ашық түрімен ауыратындарды тәртіп сақшыларымен бірлесе іздеп, мәжбүрлеп емдеу шараларына кірісті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы өңірде туберкулезбен сырқаттану – 5,5, одан қайтыс болу көрсеткіші 21,2 пайызға азайған. Алайда, түрмеде құрт аурына шалдыққандар бостандыққа шыққаннан кейін ем-дом алудың орнына қайтадан қылмысқа баратыны, маскүнемдікке салынатыны алаңдатпай қоймайды. Дертін жасырып, сайдан санын, құмнан ізін таптырмайтындар да осы санаттағылар. Кейінгі кездері олардың арасында өзгенің атын жамылып, емделетіндер көбейіп кеткен. Солардың бірі облыс орталығында автобуспен жолаушылар тасып жүрген жерінен құрықталып, еріксіз емделуге жатқызылған.
«Туберкулез – әлеуметтік ауру. Бұл кеселмен ауыратындар күніне 40 адамға дейін жұқтыра алады. Індеттен түбегейлі айығу айларға, жылдарға созылады. Бізді қатты қинайтыны –түрмеде кох таяқшасын жұқтырғандардың жазаларын өтеген соң қашып кететіні. Осындай 16 науқасқа іздеу салынған. Бұлар белгілілері ғана. «Құжаттарымды жоғалттым» деген сылтаумен бүркеншік атпен жүргендері қаншама?!», дейді облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Павел Соболевский.
Көші-қон полициясының инспекторы Алмас Темірбековтың айтуынша, іздестіру іс-шаралары нәтижесіз емес. Бүгінге дейін құрт ауруының ашық түріне ұшыраған 4 науқас табылып, дәрігерлерге тапсырылған.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: mzsr.gov.kz.
• 04 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстанда туберкулез жандарды мәжбүрлеп емдеуде

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03
Газ саласын цифрландыру: QazaqGaz Aimaq қосымшасы қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:54
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Қоғам • Бүгін, 09:48
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:40
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қоғам • Бүгін, 09:34
Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді
Экология • Бүгін, 09:20
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?
Құрылыс • Бүгін, 09:00
«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»
Сұхбат • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:50