31 Наурыз, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

232 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2015 жылы 21 сәуірде сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объек­тілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылығы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекеше­лендіру объектілерін сату қағида­сына сәйкес жүзеге асырыла­ды (өзгертулермен және толық­тырулармен, бұдан әрі – Ережелер). Сауда-саттықтың ағылшын әдісі­мен электрондық аукционға мына республикалық меншіктегі объектілер қойылады: 1) Ваз-21214 автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M211DE, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Парковая көшесі, 11. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті» РММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 358000 теңге, кепілді жарна – 53700 теңге. 2) Ваз-213100-01-05 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M033NS, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 214000 теңге, кепілді жарна – 32100 теңге. 3) Hyundai Sonata автокөлігі, 1997 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M005NS, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша де­партаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 216000 теңге, кепілді жарна – 32400 теңге. 4) Ваз-21213 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M029NS, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша де­партаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 186000 теңге, кепілді жарна – 27900 теңге. 5) Уаз-22069 автокөлігі, 2001 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M752DE, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Балқаш» алыстағы позициясы. Баланс ұстаушы –«Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК Қарағанды филилалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 298000 теңге, кепілді жарна – 44700 теңге. 6) Ваз-21103 автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M021NS, Қарағанды қаласы, Қазы­бек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 135000 теңге, кепілді жарна – 20250 теңге. 7) Ваз-21099 автокөлігі, 1996 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M785DE, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Балқаш» алыстағы позициясы. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 177000 теңге, кепілді жарна – 26550 теңге. 8) Hyundai Accent автокөлігі, 2003 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі 778AA09, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, «Сарыарқа» әуежайы. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 512000 теңге, кепілді жарна – 76800 теңге. 9) ПАЗ-3205 автокөлігі, 1995 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M784DE, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Балқаш» алыстағы позициясы. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 273000 теңге, кепілді жарна – 40950 теңге. 10) Ваз-21213 автокөлігі, 2000 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M044NS, Қарағанды облысы, Қа­рағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 152000 теңге, кепілді жарна – 22800 теңге. 11) Ваз-21070 автокөлігі, 2000 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M777NS, Қарағанды облысы, Қа­рағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 102000 теңге, кепілді жарна – 15300 теңге. 12) Chevrolet-Starcraft автокөлігі, 1994 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M050AY, Қарағанды облысы, Қа­рағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қа­рағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 2092000 теңге, кепілді жарна – 313800 теңге. 13) BMW-520 автокөлігі, 1998 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M099NS, Қарағанды облысы, Қа­рағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 380000 теңге, кепілді жарна – 57000 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын әдi­сiн қолдана отырып аукцион өткiзу кезiнде жекешелендiру объектілерінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады. Электрондық аукционға қатысу­шыларды тіркеу хабарлама жария­ланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне енгізіледі: БСН:050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; банк атауы «Қазком­мерцбанк» АҚ; ТТК: 171; БеК: 16. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәй­кестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегін, аты, әкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған осы Қағидаға қосымшаға сәйкес объект бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізі­лімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркел­геннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектілері бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2 тармақтарында көрсе­тілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-сат­тықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қа­былдау және қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-пор­талы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектілерінің бастап­қы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамта­масыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қа­тысу­шылардың кепілді жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысу­шының кепілді жарнасын аударады және сауда-саттықтың басқа қатысу­шыларына кепілді жарналарды қайтарады. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион бас­талған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектілерінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысу­шылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аук­цион қатысушылардың біреуі ұсын­­ған ең жоғары бағаға дейін жүргі­зіледі. Жекешелендіру объектісінің бас­тапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтиже­лері аукцион нәтижелері туралы элек­трондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объек­тісінің сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндет­терін белгілейтін құжат болып табылады. Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Костенко көшесі, 6-үй, 11-кабинет мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (7212) 42-57-53 телефоны арқылы алуға болады.