«Сорос-Қазақстан Қайырымдылық қоры (СҚҚ)» Корпоративтік қоры – 1995 жылы «Ашық қоғам» Институтымен құрылған қазақстандық үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қордың миссиясы – Қазақстанда ашық қоғам қағидаларын жылжыту.
Қаражат Сорос-Қазақстан Қоры қызметінің Жарғысы мен бағдарламалық бағыттарына сәйкес гранттарға, түрлі шаралар мен әкімшілік шығыстарға жаратылды.
СҚҚ саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметін қаржыландырмайды және қолдамайды.
2014 жылға бөлінген қаражат (теңге):
«Қоғамдық саясат» бастамасы 77 092 418
«Баршаға ашық қоғам» бастамасы 90 960 196
«Жергілікті бюджет» бастамасы 62 081 290
«Адам құқықтары» бағдарламасы 108 706 800
БАҚ бағдарламасы 60 382 854
Жастар бағдарламасы 64 589 406
«Ашықтық және есептілік» бағдарламасы 51 112 255
Өзге бағдарламалық шығыстар 23 879 712
«Білім беру» жүйелік бағдарламасы 5 117 423
Әкімшілік шығыстар 160 320 232
Барлығы: 704 242 586
Қор қызметі және есеп туралы толық ақпаратты www.soros.kz сайтынан ала аласыздар.