Кеше Астанада «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Парламент депутаттары және бизнес өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Бауыржан Байбек өзінің кіріспе сөзінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бойынша сарапшылар тобы енді Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңеске айналғанына тоқталды. Оның айтуынша, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы тұжырымдамалық ұсыныстарды әзірлеу және «Нұр Отан» партиясының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру аталған кеңестің басты міндеті болмақ.Бұдан бөлек, ол бизнестің ел дамуындағы ерекше рөліне көңіл аударды.
– Бизнес экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновацияның негізгі бастаушысы болып табылады. Бизнес орта таптың негізі мен азаматтық қоғамның тірегі бола отырып, жұмыспен қамту бойынша маңызды әлеуметтік миссияны атқарады. Сондықтан, «Нұр Отан» отандық бизнесті жан-жақты қолдайды. Біздің мақсатымыз – отандық бизнес пен кәсіпкерлік рухты күшейтуге ықпал ету, ұлттық бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, сол арқылы экономиканы дамыту, – деді Бауыржан Байбек.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің ЕАЭО мен ДСҰ интеграциялық бірлестіктеріне кіру қарсаңында отандық бизнес үшін жағдайлар түбегейлі өзгерген. Бірігудің арқасында қазақстандық кәсіпкерлерге ЕАЭО-ның, одан бөлек, ДСҰ-ға мүше 160 елдің нарығы ашылды. Алайда, ішкі нарықтың ашылуымен бәсекелестік күшеюде, бұл отандық бизнес үшін күрделі сынақ болып отыр.
Сондай-ақ, Б.Байбек партияның жекеменшікке қол сұқпауды, ашық бәсекелестікті, қолайлы инвестициялық ахуал құруды, өңірлердің үйлестірілген дамуын, инновация мен экспортты ынталандыруды, экономиканы әртараптандыруды, инфрақұрылымды дамытуды жақтайтынын жеткізді.
Бұған қоса, отырыс барысында Б.Байбек қазіргі таңда Мемлекет басшысы саясатының арқасында елімізде кәсіпкерлік үшін жүйелі жағдайлар жасалғанына назар аударды.
– «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы бастамашы болған бес халықтық реформа бизнестің дамуы мен Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуы үшін институттық жағдай туғызуға бағытталған, – деді Б.Байбек.
Сонымен бірге, Б.Байбек мемлекеттік аппараттың, бизнес пен қоғамның сенімді әрі өзара тығыз әрекеті кез келген сын-тегеурінге төтеп беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаттары Айгүл Соловьева, Шалатай Мырзахметов және басқалар Мемлекет басшысының сарабдал саясаты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасап беріп отырғанын, бес институттық реформаны жүзеге асыру ел дамуының басты кепілі бола алатынын жеткізді.
Айта кетейік, партия жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңеске Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева басшылық ететін болды. Ол бұған дейін «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бойынша сарапшылар тобына жетекшілік етіп келген-ді. Ал аталған кеңестің құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері және белгілі сарапшылар кірді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10