АСТАНА. 18 мамыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Италияда эбола вирусын жұқтырған адам туралы дерек келіп түсті. Мұндай жайт аталған елде алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы 24today.net хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ақпарат орталығының хабарлауынша, қатерлі дерттің белгілері жақында ғана Сьерра-Леонеден оралған дәрігер маманнан анықталған. Ол Африкада осы індетке шалдыққандарды емдеген.
Италия азаматы Сьерра-Леоне астанасы – Фритауннан Касабланка арқылы келген. Ол Римге 7 мамырда оралды. Ал вирустың алғашқы белгілері 72 сағаттан кейін, яғни, 10 мамырда анықталған. Бастапқыда дәрігерді Сардиниядағы ауруханалардың біріне жатқызады. Екі күн өткен соң оны Римдегі жұқпалы аурулар ұлттық институтына жіберді.
Аурудың белгілері 72 сағаттан кейін анықталғандықтан, мамандар Италия азаматымен бірге ұшақта ұшқан жолаушыларға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінге дейін эбола вирусынан Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде 11 005 адам қаза тапқан. Одан бөлек, 26 593 адам аталған дертті жұқтырды. Аурудың алғашқы белгілері: дене ыстығының көтерілуі, сандырақтау және ас қорыту жүйесінің бұзылуы. Дерттің қауіптілігі соншалық, алғашында жұқтырғандардың 90 пайызы қаза тапты. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 55 пайызды құрайды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24today.net.
• 18 Мамыр, 2015
Италияда алғаш рет эбола вирусын жұқтырған азамат анықталды

ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 15:25
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Волонтер • Бүгін, 15:15
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Спорт • Бүгін, 15:10
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Спорт • Бүгін, 14:18
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57