АСТАНА. 31 наурыз. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында таң алдында 2 автобус қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, «Қарағанды-Аягөз-Боғас» тасжолының 800-шақырымында аудан орталығы – Ақсуат ауылынан 150 шақырым қашықтықтағы Қызылкесік ауылдық округіне қарасты Жіңішке елді мекені тұсында қалың жауған қар мен қатты боран салдарынан жолда тұрып қалған жолаушылар автобусынан 56 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың арсында 9 бала бар.
Автобустар тоқтап қалған жерде ұялы байланыс та болмаған. Қуанышқа қарай, жолаушылардың ауылдағы туыстары құтқару қызметіне аталмыш жағдайды хабарлаған. Боранда қалған адамдарға көмекке облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен өрт сөндіру қызметі қатысты. Олар төтенше оқиға орнына жол талғамайтын көліктермен жеткен.
Қазіргі таңда барлық жолаушылар Қызылкесік ауылына жылынып, тамақтанып алу үшін жеткізілген. Бұдан кейін олар сапарларын таң ата басқа автобустармен жалғастырды. Көмек дер кезінде жеткендіктен, зардап шеккендер жоқ.
Жолдыбай Базар.
Дерек: «24kz».
Сурет: «Хабар» телеарнасы.
• 31 Наурыз, 2015
Шығыс Қазақстанда 56 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше