Кеше Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
И.Тасмағамбетов ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейі қанағаттанарлық деп атап өтті. «Біз бұл ұйымды нығайту мен дамытуға, ШЫҰ мәнісін арттыруға ниеттіміз. Осыған байланысты Астанада 2016 жылдың мамырында келесі кеңесті өткізу туралы қазақстандық бастаманың қолданылуына үміттенеміз».
Қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша делегация басшыларымен ұсынылған құжаттарға қол қойылды және бекітілді.
Сол күні қазақстандық делегацияның ҚХР қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен екіжақты кездесуі өтті. Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту Қазақстанның басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады.
– 2014 жылғы Қытай тарапымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жоғары деңгейді және аталған оқу-жаттығудың сәтті өткізілуін көрсетті. Онда біздің бөлімшелер күрделі жағдайда әртүрлі тапсырмаларды бірлесіп орындау элементтерін пысықтады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында біздің мемлекеттеріміздің аумағында лаңкестікке қарсы алғашқы екіжақты роталық-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу қауіпсіздік қатерлеріне бірлесіп ден қою кезінде бөлімшелеріміздің өзара іс-қимыл және машық деңгейін арттырады. Одан өзге, осы жылдың маусымында Қазақстанның аумағында өткен танк биатлоны бойынша әлем чемпионатына танк экипаждарының бірлескен дайындығы да маңызды болып табылады, деді кездесуде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.