01 Шілде, 2015

Үлкен Алтын медальмен марапатталды

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
foto-popov-posolАлдыңғы күні Мәскеуде Қа­зақстанның Ресейдегі елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты әлем­дік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастама­лары мен интеграциялық үдеріс­тердің қалыптасуы және оны же­тілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия эко­номикалық одақтың дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы ара­сындағы экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін экономикалық қоғамдастықтың Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті. Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қо­ғам­дастықтың басшысы, атақты экономист, Мәскеудің 1991-1992 жылдардағы әкімі Гавриил Попов өз сөзінде Нұр­сұлтан Назарбаев Ресей­дің ЕЭҚ Үлкен Алтын меда­лі­мен марапатталған тұңғыш ше­телдік азамат екенін айтты. – Осы наградамен мара­паттау туралы шешімді қа­былдағанда, біз, біріншіден Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі заманғы эконо­ми­ка­лық үдерістердің дамуына қосқан үлесін есепке алдық. Нұрсұлтан Әбішұлы индус­триалды қоғамнан индус­триалды дамыған қоғамға көшудің проблемаларына теориялық негіздеме берген бірінші ірі саясаткерлерінің қатарына кіреді. Екіншіден, Қазақстан Президенті дүние­жү­зілік қоғамдастық бір аймақ­ты емес, керісінше бір бі­рі­мен бейбіт әрі тығыз бай­ла­ныста болған көптеген қо­ғам­дастықтардан қалып­тасқаны жөн деген түсі­ніктің пайда болуына маңыз­ды үлес қосты. Қазіргі кезде барлығымыз оның жобасы бойынша құрылған Еура­зия экономикалық одағына куә болып отырмыз. Үшін­ші себеп, ол қазіргі қоғам­да болып жатқан ішкі ұйым­дастыру үдерістерімен байла­ныстылықта. Төртін­шіден, Ресей және Қазақстан арасындағы ынты­мақтастықтың тұрақты дамуына және нығаюына Нұр­сұлтан Назарбаевтың жеке қосқан елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді, – деді Ресей академигі. Өз кезегінде, медальді қа­был­даған Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Ресей Феде­ра­ция­­сындағы Төтенше және өкі­­летті елшісі Марат Тәжин Гав­­риил Поповқа ел Прези­ден­ті­нің экономика ғылымындағы қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын айтты. «Бүгінгі марапат жай құрмет көрсету ғана емес, бұл Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың еура­зиялық диалогтың нығаюына, Ресеймен тату көршілес қаты­настардың дамуына қосқан аса зор ғылыми және тәжі­рибелік үлесін мойындау белгісі болып есептеледі», – деді елші. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20