01 Шілде, 2015

Арнаулы уәкілді қабылдады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы уәкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі Аймақтық орталығының басшысы Петко Драгановты қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Ол болгар дипломатын жоғары халықаралық лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Орталық Азиядағы миссиясының табысты болуына тілектестігін жеткізді. Қазақстан Аймақтық орталықты құрудың бастауларында тұрғанын атап өте келіп, Сенат Төрағасы осы құрылымның қызметіне парламенттік өлшемді енгізуді ұсынды. БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы уәкілі Қазақстан аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде көрініп келе жатқанын, Орталық Азиядағы жағдайға оң әсер ететінін атап өтті. Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі жөніндегі келіссөздердің аяқталғанына жылы пікір білдірді. П.Драганов Аймақтық орталықтың  басымдықтары: су ресурстарын басқару, трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын қорғау және қақтығыстарды болдырмау  саласындағы әлеуетті нығайту жайында әңгімеледі.