Талантсыз бала болмайды, тек оның тынысын ашып, дер кезінде бір арнаға бағыттай білу керек. Аталарымыздың: «Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» дейтіні де сондықтан. Міне, балаларды осындай игі ізденістерге икемдеп, қиялына қанат бітіріп отырған Мәртөк ауылындағы «Балалардың техникалық шығармашылық орталығы» ММ-інің қол жеткен табыстарын естігенде көңіліміз марқайып қалды. Себебі, бұл аудан орталықтарында жұмыс істейтін жалғыз орталық.
Біз орталыққа келгенде оқу жылы аяқталып, өз күштерімен жөндеу жұмыстарына кірісіп те кеткен екен. Орталық директоры Ильдар Шакиров өз әңгімесін орталықтың қалай құрылғандығынан бастады. Оның айтуынша, бұл бұрын милиция, сот ғимараты болған екен, кейін мұнда оқу – өндірістік комбинаты орналасқан. Комбинат тарағаннан соң 2009 жылы құрылған осы орталыққа беріліпті. Сол кезде директорлық тізгінін ұстаған Ильдар Шакиров ұстаздарды да өзі тауып, шақырып, жұмысты күйі кеткен ғимаратты «алһам шүкірге» келтіруден бастапты.
– Бастапқы жылдары небәрі бес үйірме жұмыс істеді. Мен өзім осы ауылда ұстаздық еткеніме отыз жылдан асты. Кезінде оқу-өндірістік комбинатын да басқардым. Қай ұстаздың неге икемі бар екенін білемін, сондықтан шамам келгенінше, істі ілгері апаруға бірге жұмылатын, қолынан іс келетін ұстаздарды жұмысқа тарттым. Біз көп уақыт өтпей жұмысты қалыпқа түсірдік, балаларды көптеп тартуға қол жеткіздік, – дейді ол.
Орталықтың Хлебодаровкадағы филиалында үш топта балалар авиамодельмен ал, Вознесеновкадағы топта қыздар іс тігу және модельдеумен шұғылданады. Елді мекендерде филиалдар жүйесін кеңейту жалғаса береді.
Қазір балалардың техникалық шығармашылық орталығында он екі ұстаз еңбек етеді. Олардың бәрі өз ісіне берілгендер, балаларды жақсыға талаптандырып, қолға алған шығармашылығына құштарлығын оятуға шеберліктері жеткілікті мамандар. Балалардың қиялын кеңейтеді, бос уақыттарын тиімді өткізуге ұйтқы болады.
Ал ағаштан түйін түйетін Еділбай Оразымбетовтың шәкірттері осы өңірде өсетін ағаштарды өңдеп, бұйымдар жасайды екен. Олардың қолынан шыққан әртүрлі қолөнер бұйымдары және басқа заттар облыстық көрмелерге қойылып, бірінші орынға ие болып жүрген көрінеді. Ағаштан өрнектеп жасалған сандыққа тұрғындардан да сұраныс бар екен. Балалар жергілікті қарағашты өңдеп, қиялдарындағы заттарды жасауға төселіп алыпты. Соның бірі «Фантазия» кубогы бізге ұнады. Шәкірттерінің алды осы қолөнер мамандығын таңдап, жоғары оқу орнына түскен.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05