АСТАНА. 31 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізеді. Сағат 23:00-де басталатын ойынды отандық «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кездесу Ресейдің Химки қаласына өтеді. Юрий Красножан жаттықтыратын біздің құрама кеше ойын өтетін «Химки-Арена» стадионында алғашқы жаттығуын жасады. Айта кетейік, бас жаттықтырушы бұл жолы қақпашылар Ненад Эрич пен Владимир Логиновскийді қасына ерткен жоқ. Сондай-ақ, үш күн бұрын Исландияға қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан Ренат Абдулин, Азат Нұрғалиев және Дәуренбек Тәжімбетовтер де Ресейге барған жоқ.
Қарсыластарымыздың бас жаттықтырушысы Фабио Капелло екені белгілі. Ресей соңғы ойынын 27 наурыз күні 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Черногорияға қарсы өткізді. Алайда, аталған кездесу жанкүйерлердің басбұзарлығына байланысты аяқсыз қалды. Сондай-ақ, дәл сол матчта Ресейдің негізгі қақпашысы Игорь Акинфеевтің жарақат алғанын айта кетейік.
Қос команда арасындағы соңғы ойын 2008 жылы мамыр айында өткен еді. Аталған кездесуде біздің команданың қақпасына жауапсыз 6 гол жіберіп, ойсырай жеңілгені есімізде. Ол кезде Қазақстан құрамасын Арно Пайперс жаттықтырса, Ресей тізгіні Гус Хиддинктің қолында болатын.
Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымының болжамы бойынша бүгін командалар мына құрама алаңға шығуы мүмкін:
Ресей: Лодыгин, Щенников, В.Березуцкий, Новосельцев, Козлов, Оздоев, Могилевец, Канунников, Торбинский, Самедов, Дзюба.
Қазақстан: Сидельников, Гурман, Логвиненко, Қуантаев, Воротников, Сүйімбаев, Тағыберген, Смақов, Қонысбаев, Щеткин, Исламхан.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fanatik.kz.
• 31 Наурыз, 2015
Ресей-Қазақстан ойынын «Хабар» тікелей эфирде көрсетеді

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше