Бұл көбіне урологиялық кеселдерге қатысты түйткілді мәселеге алып келуде
«Ерлердің денсаулығы» жобасы аясында «Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев бастаған бір топ маман Қызылжар өңірінде екі күн болып, ер-азаматтардың денсаулығын тексерді. Білікті дәрігерлердің көмегіне 150 адам жүгініп, түрлі медициналық кеңестер алды.
Еліміздің бас урологы облыс орталығында өткізген семинар-кеңесте бағдарламаның 10 жылдан бері жүзеге асып келе жатқанын айта келіп, әйелдерге қарағанда, ерлердің көп ауыратынын былай түсіндірді:
– Басты себебі, өз денсаулығына салғырт, немқұрайды қарау. Дәрігерге көрінуге, скринингтік тексерілуден өтуге құлықтық таныта бермейді. Соның салдарынан түрлі ауруларға жиі шалдығып, еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізіп отыр.
«Кардиология және ішкі аурулар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сәлім Беркінбаев жүрек-қан тамырлары аурулары арасында да ерлердің үлесі басым екенін жеткізді. Қазақстанның алдын алу медицинасы академиясының академигі Михаил Зельцер ерлердің психологиясын өзгерту бағытында ауқымды жұмыстар атқару қажеттігін тілге тиек етті.
Олардың пікірінше, ер адам денсаулығы сыр беріп, жүрегі ауырса, қан қысымы өзгерсе, кардиологқа, терапевтке қаралып, ал урологқа баруды қажетсінбейді. Өйткені, жоғарыдай созылмалы аурулардың урологиялық дертке де байланыстылығын біле бермейді. Жер-жерлерде құрылған «Ерлердің денсаулық мектебі» шеңберінде өткізілген көшпелі семинарларда кешенді емделу, созылмалы кеселдерден сақтану жолдары кеңінен әңгімелетіні сондықтан.
Статистикалық деректер бойынша соңғы 5 жылда кеуде обырына қарағанда, простатит рагына шалдығушылардың саны 2 есе өсіп, әлеуметтік дертке айналған. Солтүстік Қазақстан облысында әр бес науқастың бірі простатитпен ауырады. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында 54 пайызға жетеғабыл. Қызылорда, Шығыс Қазақстан өңірлерінде де жағдай дабыл қағарлық.
Облыста бұл жайт көңіл көншітерлік болғанымен, шешімін табатын мәселелер жоқ емес. Урологиялық кеселдердің жастар арасында меңдеп бара жатқаны, 20-30 жастағылардың 30 пайыздайында еркектік ағзасында ауытқушылық бары қатты алаңдатады.
Білікті дәрігерлер ерлер денсаулығына экологияның нашарлауы, ауыз судың сапасыздығы үлкен зиян тудырып отырғанына нақты мысалдар келтірді. Нәзік жандарға қарағанда ерлер қант диабетімен 6 есе көп ауырады. Ағзаның бұзылуы салдарынан ерлердің 50-60 пайызында жүрек-қан тамырлары белең алған. Урология ғылыми орталығы жүргізген скринингтік зерттеу бойынша (2006 ж.) ұрпақ өрбітетін 24 мың ер адамның 56 пайызында ағзалық ауытқушылық байқалған. Жыныстық қатынас арқылы тарайтын аурулар тексерілгендердің 42 пайызында тіркелген. 28,5 мың адамның арасынан мұнай саласында істейтін жұмысшылардың 63 пайызында, түрлі-түсті металлургияда еңбек ететіндердің 53 пайызында белсіздік белгілері пайда болған.
Әңгіме арасында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2016-2020 жылдарға арнайы қаржы қарастырылып, ерлердің денсаулығы проблемаларын шешуге қадам жасалып отырғаны да айтылды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05