18 Мамыр, 2015

Қостанайда Қазақстан-Ресей құтқарушыларының жаттығуы өтті (фото)

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.05.2015 Qos-5ҚОСТАНАЙ. 18 мамыр.  Қостанай облысының аумағында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Ресей Федерациясы Челябі және Қорған облыстарының Төтенше жағдайлар Бас басқармасы бірлесіп, ірі орман және дала өрттері салдарынан болатын трансшекаралық  төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру бойынша бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. 18.05.2015 Qos-7Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Талғат Кәкімов өткізіліп отырған оқу-жаттығуда алдағы уақытта болуы ықтимал төтенше жағдайларда шекаралық мемлекеттердің ТЖ шұғыл-кезекші қызметіндегі жеке құрамның өзара іс-қимыл біріктіруі тексерілгенін атап кетті. Шекараны рұқсат етілген орында өтуінің және рұқсат етілмеген орында өтуінің ықшамдалған тәртібі бойынша өзара қимылдар пысықталды. Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында трансшекаралық төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды жедел беру және біріккен әрекеттердің қайтып өңделуі бойынша шұғыл-кезекшілік қызметіндегі жеке құрамның тәжірибелік дағдылары жетілдірілді. 18.05.2015 Qos-9Командалық-штабдық жаттығулар Қостанай облысы Федоров ауданының Кеңарал елді мекеніне жақын маңдағы Челябі облысының шекарасында өткізілді. Қазақстан және Ресей шекаралық өрт бөлімшелерінің құтқарушыларымен трансшекаралық аумақтағы орман және дала өртін жою бойынша біріккен іс-қимылдары пысықтады. 18.05.2015 Qos-10Жаттығуға Қазақстан тарапынан 16 техника және жеке құрамдағы 46 адам, ерікті өртке қарсы құрылым, Ресей тарапынан 3 бірлік техника, 16 адам қатысты. Жаттығу қорытындысында екі елдің құтқарушы бөлімшелерінің жоғарғы ұйымдастырушылығы және реттелгені аталды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz