Үшемнің салмақтары да шамалас, 2,5 килодан. Олардың анасы, Қазығұрт ауданының тумасы Құралай Тағаева бүған дейін бес перзенттің анасы еді. Бір қызығы, үшемнің алдында егіз қыздарды дүниеге әкелген екен.
Әлі отызға да жетпеген қайратты келіншектің үйінде үйелмелі-сүйелмелі жеті қыз, бір алтын айдарлы ұл өсіп жатыр.
Дүниеге өз денеңнен кесіп бергендей перзент әкелу оңай емес. Ал, үшемнің жөні бір басқа. Құралай өзінің аман-есен босануына жағдай жасаған Шымкент қаласындағы №1 перинаталдық орталықтың бас дәрігері Мәдина Көкенова мен нәрестелер бөлімінің меңгерушісі Салтанат Аққошқароваға және мейірбикелерге алғысын айтады.
Оңтүстікті жұрт бекерден-бекер алтын құрсақ деп атамайды. Мәселен, солтүстік облыстардағы аналардың бір жылда туатын сәбилерін құдайға шүкір, Оңтүстік аналары бір айда жарық дүниеге әкеледі.
Қазақстан – кең-байтақ. Алланың берген бағын қолда бекем ұстау үшін, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз баянды болуы үшін қазақ көбеюі керек. Өз жеріне өзгелер көз алартпас үшін мықты болмасқа болмайды.
Кең құрсақ Оңтүстік демографияға осылайша үлес қосып жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Суретті түсірген
Қайсар Шерім.

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше