Семей қаласының тұрғыны Дінислам Әбдіқожаұлының қолында құнды жәдігер бар.
Ақсақал осы уақытқа дейін Абайдың бәкісін сақтап келген. Жетпістің төртеуіне келген қария бәкінің аталарынан мұраға қалғанын айтады. 1890 жылдары Абай елінде қатты жұт болып, үйір жылқыны аман алып қалу үшін ақын ауылы Ертістің оң жағалауындағы Изатолла ауылына қыстап шыққан екен. Мейрамғали ныспылы байдың қыстауына жылқысын паналатқан Абай өзінің бәкісін байдың баласына сыйға тартқан көрінеді. Сол уақыттан бері атадан балаға мұраға қалып келе жатқан құнды жәдігерді Дінислам ақсақал 56 жасында анасынан сыйға алыпты.
Қария бәкіні бұған дейін еліміздің Мәдениет министрлігі мен Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына апарып, көрсетіп қайтқан екен. Дінислам Әбдіқожаұлы ұзақ жыл қастерлеп сақтаған бұйымды сатып алушылар болса, беруге дайын екенін жеткізді.
– 2009 жылы Мәдениет министрлігіне барғанымда, ондағы жауапты қызметкерлер: «Ата, бұл бәкіні шетке шығармаңыз. Егер шетелге шығып кетсе, оның қайтарымына өте көп құн сұрауы мүмкін», деді. Содан бері бәкіні өзімде сақтап келемін. Әйтпесе, Қытай елінен сатып алуға ниет білдіргендер, аукционға шығаруға қолқалағандар болды. Олардың ешқайсысына құлақ асқан жоқпын, – дейді қария.
Сары жез түсті сабы бар, қызылды-жасылды лағыл тастармен көмкерілген, мұсылманша ай мен жұлдыздың бейнесі бедерленген, асыл жүзі сол күйі сақталған сүп-сүйкімді бәкіден Абай атамыздың талғамын таразылауға болады.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше