05 Наурыз, 2015

Салтанатты жағдайда атап отті

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЭМБЛЕМА ГОДАКөкшетаудағы Достық үйі әлемде баламасы жоқ қоғамдық келісім ұйымының белсенділері мен қала жұртшылығын құшақ жая қарсы алды. Облыс әкімі, Ақмола облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының төра­ғасы Сергей Кулагиннің аты­нан оның орынбасары Марзият Тохаева жұртшы­лықты айтулы мереке – ҚХА құры­луының 20 жылдығымен құттықтады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен құрылған Ассамблея көпұлтты халқымызды ұйыстырушы, конституциялық беделді орган ретінде қалыптасты, деді Марзият Юсуповна. Оның қызметі халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағасын алды. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған тоғыз депутат Парламент мінберінен ел дамуының өзекті мәселелерін көтеруде. Облыста 43 этномәдени бірлес­тік белсенді жұмыс істеуде, деді одан әрі баяндамашы. Қоғамдық ұйымдар өткізіп жатқан танымдық шаралар көпұлтты халқымыздың құнды дәстүрлері мен мәдени жауҺарларын ашып көрсетіп, әр жүрекке достық пен бірлік маржандарын шашуда. Облыс Ассамблея жылының алғашқы акциясы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» қозғалысының символы – «Тайқазанды» бірінші болып қабылдап алды. Республикалық эста­фета шеңберінде облыс «Мейі­рім» қайырымдылық акциясын өткізіп, 752 отбасына 17 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сондай-ақ, «Ассамблея – бірлік жолында», «Бейбітшілік пен түсі­ністіктің жол картасы» мегажоба­лары жұртшылық ықыласын ау­дарды. Қазақстан халқы Ас­сам­­блеясы Кеңе­сінің кезектен тыс пре­зи­денттік сай­лау өткізу жөнін­­дегі ұсы­нысын ақмо­лалықтар қызу қол­дап, тағдыршешті саяси оқиғаға бел­сен­ділікпен қатысатын болады. Салтанатқа қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қо­ғамдық ұйымының төрағасы Мей­рамбек Қиықов, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, жазушы Сырым Рахимов, Қазақстан татарлары ассоциациясы ардагерлер кеңесінің төрағасы Фарук Богапов, қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәріс беріп жүрген америкалық ұстаз Патрисия Кулинейн еліміздің саяси өмірінде салмақты орын алатын Ассамблеяның мән-маңызы туралы келелі әңгіме қозғады. Шара барысында Ассамблея құр­дастары – Көкшетау техни­калық инс­титутының курсанты Әке­тай Жан­болат, Ж.Мусин атын­дағы қазақ педаго­гикалық кол­леджінің оқушысы Айжан Құс­ман, Ш.Уәлиханов атын­дағы Көк­шетау мемлекеттік универ­ситеті­нің студенті Ақнұр Ділмұ­қаш, А.Мыр­зах­метов атындағы универ­ситеттің сту­денті Ерболат Балтинге құрмет көр­сетіліп, Мұсылман әйелдері ли­гасындағы әжелері батасын берді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.