05 Наурыз, 2015

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты

9112 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
11– Қазақстанның Еуразия жүрегіндегі ерекше геосаяси және геоэкономикалық жағдайын жүзеге асырудағы басты фактор Біз мемлекетіміздің тәуел­сіз­дігінің 25 жылдық межесіне жақындап қалдық. Қазақстан өзінің бір ізге салынған және теңдестірілген сыртқы саясатын қалыптастырғанына байланысты әлемдік аренадағы кең танымал мемлекеттер қатарына енді. Осы орайда, қатардағы қазақстандықтардың қазіргі заманғы Қазақстанды мықты және жемісті, ғаламдық үдерістердің дамуына өз үлесін қоса алатын және негізгі халықаралық мәселелерді шешуде өзінің нақты ұстанымы бар мемлекет ретінде мақтанышпен қабылдауы жоғары марапат. Идрисов фото обр10Өзіміз білетіндей, сыртқы саясат ішкі саясаттың жалғасы. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі өз жұмысында тек сыртқы саяси тапсырмалар мен Президенттің халықаралық бастамалары ғана емес, сонымен қатар, ішкі мемлекеттік құрылыс мақсаттары, инвестициялар тарту, алдыңғы қатарлы тәжірибені алу, дамудың индустриялық-инновациялық стратегиясын алға тарту секілді факторларды басшылыққа алады. Бұл тұрғыда сыртқы саяси жұмыстың жақын және орта мерзімді болашақтағы нақты бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін Президенттің Қазақстан халқы­на жыл сайынғы Жолдауы таптырмас бағдарға айналды. Елбасы қашанда жа­һандық үдерістердің даму болашағын айқын бағалап, сыртқы сындар мен қауіптерге қарсы шараларды күні бұрын әзірлеп отырады. Жыл сайынғы Жолдаулар нәтижесінде Сыртқы істер министрлігі қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі нығайып, экономикалық дипло­матияның белсенділігі айтар­лықтай артты. Президенттің «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағ­дайлар аясында дағдарыс­қа қарсы және ынталандырушы ша­­ралар бағдарламасы ретінде қабыл­дана­ды. Жаңа жолдар құры­лысы, инфра­құрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қол­дау – мұның барлығы ұлттық эко­номиканың құрылысын тұрақты әртараптандыру кепілі болып табылады. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі тұтыну көлемін арттыруға, не­гізгі капиталға мемлекеттік инвестицияны ұлғайтуға және әлеу­меттік маңызы бар жаңа инфрақұрылымдық объектілерді құруға септігін тигізеді. Жолдау Мемлекет басшысының халық­аралық қатынастар жүйесіндегі орын алып отырған өзгерістерге теңгерілген және алдын алу жауабы болды. Бұл құжат Қазақ­станның жалғасып келе жат­қан халықаралық қаржы-эконо­микалық және геосаяси дағ­дарыстар жағдайында алдағы жылдардағы даму болашағын айқындады. Елбасы атап өткендей, бүкіл әлемнің архитектуралық өзгеру кезеңі жақындап келеді және бұл кезең ғаламдық сынақ кезеңі болмақ. Одан барлық мемлекеттер бірдей өте алмайды, тек ортақ идеялармен және талпыныстармен жұмылдырылған ұлттар ғана бұл сынды еңсере алатын болады. Аталған бағдарламалық құжат тек экономикалық көрсеткіштерді көтеруге ғана емес, сонымен қатар, ұлттық бірлік, тұрақтылық және келісім секілді мемлекет құраушы құндылықтарды нығайтуға да бағытталған. «Нұрлы Жол» сыртқы тұрақ­сыздық пен геосаяси нақты шындықтың транс­формациялану кезеңінде барлық мем­ле­кеттік органдар үшін, соның ішінде, Сыртқы істер министрлігі үшін ұстаным­дардың квинтэссенциясы болып табылады. Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты біздің мекемеміз өз қызметі аясында басшылыққа алып жүрген еліміздің 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саясат тұжырымдамасының мақ­­саттарымен және тапсырма­лары­мен тығыз үйлесім тап­қан. Ол «Қазақ­стан-2050» Стра­­тегиясында баяндалған жаңғыртулардың жаңа басым­дықтары, әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына кіру, «жасыл» экономикаға көшу, респуб­ликамыздың транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетіне басымдық бере отырып, эконо­микалық дипломатияны бел­сенділендіру қазақ халқы мен елімізді мекендейтін басқа да этностардың төл ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтап қалу аясында түзілген. «Нұрлы Жол» Жолдауының барлық бағдарына сәйкес, еліміздің сыртқы саяси қызметі де құрылады. Осы құжаттың негізгі тапсырмаларына сүйене отырып, Сыртқы істер министрлігі қазіргі заманғы әлемдік саясат пен экономикадағы жаңа тренд­терді назарда ұстап, шетел­дер­дегі ұлттық мүдделерді әрі қарай ілге­рілетуді жалғастыру бағы­тында жұмыс істеуде. Біз сыртқы саяси болжамдар мен экономикалық дипломатия саласында тиімділікті артты­руға басымдық бере отырып, бір қалыпты және болжамды сыртқы саясат жүргізу арқылы халықаралық қатынастың барлық субъектілерімен өзара тиімді және достық қарым-қатынастарды нығайтуды жалғастыра беретін боламыз. Әрине, Қазақстанның Еуразия жүрегінде орналасқан ерекше геосаяси және геоэкономикалық жағдайының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруға негізгі назар аударылатыны сөзсіз. Өңірлік геоэкономикалық тартылыс орталығында орналасуымыз аймақтағы сауда-экономикалық және өңіраралық көліктік инфрақұрылымды дамыту жөнінде шараларға белсенді атсалысуды талап етеді. Бұл өз кезегінде Азия мен Еуропа арасында ұзақ мерзімді ықпалдастықтың негізі болмақ. Біз 2020 жылғы дейін Қытай, Орталық Азия, Ресей және Еуропа арасындағы жүк тасымалдау көлемі жылына 33 млн. тон­наға жетеді деп күтіп отырмыз. Бұл бола­шақта Қазақстанның аймақтағы көш­­басшылық рөлін арттыра түсіп, транзит пен экспорттық түсім­дерден айтар­лықтай дивиденттер беретін болады. 2015 жылғы 1 қаңтар күні Еуразиялық экономикалық одақ туралы тарихи келісім күшіне енді. Бұл Президенттің еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының нақты іске асуының көрінісі болды. Біз бұл бірлестіктің барлық қатысушыларымен экономикалық инте­грациялық ықпалдастықты дамытуға үлкен мән береміз. ЕАЭО бұл тең құқық­тық, өзара тиімділік және барлық қатысу­шылардың мүдделерін назарға алу принципімен жұмыс істейтін ортақ нарық. Экономикалық интеграция дәл ұлттық мемлекеттілікті нығайту үшін, оны экономиканы күшейту арқылы бекемдей түсу үшін дамиды. Біз экономикалық интегра­ция күрделі жолының тек басында ғана тұрмыз, осыны түсі­ну өте маңызды. Мәселен, ЕО құ­рылуының бастамасы – Еуро­палық көмір бірлестігінің негізін салған 1951 жылғы Париж келісіміне 60 жылдан астам уақыт өтті. Яғни, Еуропа елдерін қазіргі интеграция деңгейіне жету үшін осыншама уақыт қажет болған деген сөз. Сол себепті, ЕАЭО-ны ең тиім­ді инте­­грациялық құрылым ретінде қалып­тас­тыру біздің басты мақсатымыз болып табылады. Біз бұл мақсатқа жетуге мін­деттіміз және жетуге тырысамыз. Сыртқы саяси міндетте­ме­лерімізді жүзеге асыру Қытаймен инвестициялық және сауда-эко­номикалық ынтымақ­тас­тықты тереңдетуге жол ашады. Екі елдің стратегиялық серіктестігі жеміс­ті болғалы жатыр. Жақында ғана Лянь­юнь­ган – Алматы теміржол бағыты іске қосылды. Ляньюньган қаласы портында бірік­кен Қазақстан-Қытай терминалы Қазақстан Президенті бастамасымен құрылғанын естеріңізге сала кетейін. Көлік-логистикалық терминалының жұмысы Азия-Тынық мұхит өңірі мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ең тиім­ді шығу жолын қамтамасыз етіп, респуб­ликаның экспорт-импорт­тық және тран­зиттік әлеуетін арттыруға бағытталған. Қазақстанның жоғары транзиттік әлеуетін ескере отырып, біз Мәскеу – Бейжің еура­зиялық жылдамдығы жоғары көлік дәлізі жобасын зерттеп, оған өзара тиімді шартымен қатысуға мүдделіміз. «Қорғас» халықаралық шек­ара­лық ынтымақтастық орталығы тран­зиттік әлеуетін пайдалану мен халықаралық сауданы кеңейту жолын­да қосымша мүмкіндіктер береді. Сарапшылардың пікірінше, Орталық жаңа Еуразиялық экономикалық көпірінің маңызды іргетасына айналмақ. Көлік-транзиттік әлеует елі­міздің Иранмен ықпал­дасты­ғының негізгі бағыт­тарының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда 2014 жылы 3 желтоқсанда Қа­зақстан – Түрікменстан – Иран теміржол магистралінің ашы­луының маңызы зор. Ол Қазақ­стан өнімінің оңтүстікке экспорт көлемі мен құрамын арттырып қана қоймай, Ұлы Жібек жолының қазіргі сатыдағы қайта жандануына зор үлес қосады. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы еліміздің Еуразия жүрегіндегі геосаяси және гео­экономикалық жағ­дайын тиімді ілгерілету саясатын ұстанады. Барлық шетелдік серіктестермен қатынастарымызды дамытуда бұл міндетіміз жоғары қойылады. Айталық, ірі инвестициялық, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетке ие Америка Құрама Штат­тарымен ынтымақтастықта да, өткен жылы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық, соның ішінде ықпалдастықтың 29 саласында ынты­мақтастық туралы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер сәтті аяқталған Еуропалық одақпен де. Біз ЕО-мен осы тектес құжатқа қол қойған орта­лықазиялық алғашқы елміз. Орталық Азияға да зор көңіл бөлеміз. Жаңа тұжырымдамада бұл өңір қазіргі Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды стратегиялық басымдылығы ре­тінде қарастырылады. Жолдау мақсат­тарына сай, біз барлық бағыттарда, соның ішінде Азия, Африка, Латын Америкасы елде­рімен ықпалдастықты терең­де­туде шаралар қолдануды жалғас­тырамыз. Қазақстан сыртқы саясатының жаңа нұсқамаларында еліміздің дамудың «жасыл» жолына өтуі және әлемнің 30 ең дамыған елдері қатарына кіруі мақсаттарын ерекше бөліп атауға болады. Еліміз «жасыл экономика» құруға тиісті инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз ету үшін жоғары экологиялық және энергия үнемдеуші стандарттарға негізделген шетел тәжірибесін қолдануға ниетті. Астанада ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен сәтті өткізілуі «жасыл экономика» мақсаттарына жету жолында маңызды қадам болады деп күтеміз. Аталған шара энергияны ұтым­ды пайдалану мәселесінде және экономи­каны жаңарту үшін ғылыми жаңалық­тарды ілгерілету саласында өзге елдер тәжірибесін зерттеуге аса бағалы мүмкіндік береді. Құзыретті меморгандармен бірле­сіп СІМ еліміздің транзит-көліктік әлеуетін пайдаланып, оны дүниежүзі мұхитына тура жолы жоқ географиялық жағдайы кемшілігінен құрлығымыздың трансконтинентальді жолдарын қосатын тарап ретіндегі артықшылығына айналдыру жұмысын жүргізіп жатыр. Осы бағытта маңызды қадамдар жасалынған болатын: бұл, ең алдымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәліздерінің құрылысын, «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын, «Ор­­талық Азия – Қытай» газ құбырын іске қосу, «Жезқазған – Бейнеу» және «Ар­­қалық – Шұбаркөл» маңызды ішкі те­мір­­жол бағыттары құры­лысының аяқталуы. СІМ экономиканың басты секторларына трансұлттық компанияларды тартуға зор көңіл бөледі, бұл ҮИИДМБ және Инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашады. СІМ 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИДМБ мен Тікелей шетел және отандық инвестицияларды тарту бойынша кешенді жоспарлардың жүзеге асырылуына жұмылдырылған. Инвестициялық саясатты ілгерілету тетіктері шеңберінде белгілі бір нәти­желерге қол жет­кізілген. Қазақстанда­ғы инвес­тициялық ахуалдың одан әрі жақсар­тылуы, соның ішінде «Инвес­ти­циялық климатты жақсарту туралы» жаңа Заң шеңберіндегі ынталандыру пакеті туралы шетел бизнес-қауымдастығын хабардар ету жұмысы жүргізілуде. Қазақстанның қазіргі қатерлер туралы түсінігі анық және оның қатерлерден өту жоспары мен ресурстары бар. Орта мерзім­ді және ұзақ мерзімді даму бағ­дарламалары бүкіл елдегі тұрақ­тылықты, өркендеу мен өмір сүру сапасын арттыруды қамта­масыз етуге бағытталған. Елба­сының «Нұрлы Жол» бағдар­ла­масын жүзеге асыру және «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы мен әлем­нің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру секілді ұзақ мерзімді міндеттер орындау назарымызды басымдықтарға шоғырландырып, өнімді жұмыс істеуді қажет етеді. Үкіметтен дәйекті, тиімді, кей кезде өжет іс-қимылдар талап етіледі. Бүгінгі таңда біз еліміздегі маңызды саяси оқиға қарсаңында тұрмыз. 26 сәуірде республика азаматтары ең білікті және халық сенімін ақтайтын Қазақстан Президентіне кандидатқа өз дауыстарын береді. Жаңа мандат еліміз бен ел басшылығына тез арада алдымызға қойылған талаптарды орындауға кірісіп, сыртқы факторлардың жағым­сыз ықпалдарынан өтіп, жоспар­лардың орындалуын қамтамасыз етіп, елдің өмір сүру деңгейін және өркендеуін арттыруға жол ашады деп сенемін. Ерлан ЫДЫРЫСОВ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі.