05 Наурыз, 2015

Ұйым мүшелерімен кездесті

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі мүшелеріЕҚЫҰ/ДИАҚБ кеңесшілері Ричард Лапинмен және Радивое Груичпен кездесті. Ортсайлауком басшысы ха­лық­аралық сарапшы­лар­ды Орта­лық сайлау комиссия­сының 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмысымен таныстырды. Ол сарапшыларды сайлаудың құқықтық базасы, сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің мерзімдері, оны ақпараттық сүйемелдеу және сайлау үдерісіне қатысушыларды оқыту туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ, Қ.Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жұмыс және Қазақстанның қазіргі уақытта ха­лықаралық стандарттарға толық­тай сәйкес дерлік сайлау заңна­масы дәйекті түрде жүйелі жетілдіріліп отыратыны туралы айтып берді. Кездесу барысында пре­зи­дент­тікке кандидаттарды қолдап қол жинау үдерісі мен мер­зім­де­ріне, лингвистикалық комис­сия қызметінің құқықтық негіз­деріне, сайлауды ұйым­дас­­ты­рушыларды оқыту, сай­лау үдерісіне қатысушыларды әдіс­темелік құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі Ортсайлаукомның жұмысына, үгіт науқаны кезеңіндегі БАҚ-тың іс-әрекеттеріне, барлық кандидаттардың БАҚ-қа тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағымдар мен апелляцияларды беру және қарау рәсімдеріне қатысты мәселелер талқыланды. Қ.Тұрғанқұлов, сондай-ақ, халықаралық сарапшыларға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері мен қырлары бойынша ынтымақтастық үшін ашық екенін және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшыларына олардың тиімді жұмысы үшін барлық қажетті мәліметтер мен материалдарды ұсынуға дайын екенін айтты. «Егемен-ақпарат».