05 Наурыз, 2015

Өз кандидатын ұсынды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Коммунистік халық партиясының кезектен тыс съезі өтіп, онда 26 сәуірде өтетін президенттік сайлауға партия атынан кандидат ұсынылды. Сонымен, Қазақстанның Ком­­­­мунистік халық партия­сы атынан кезектен тыс президенттік сайлауға Тұрғын Сыздықов түсетін болды. Съезд барысында кандидатты ұсын­ған Парламент Мәжілісіндегі ҚКХП фракциясының жетекшісі Владислав Косарев кандидаттың еңбек жолына қысқаша тоқталып өтті. Ал президенттікке канди­­дат Т.Сыздықов өз сөзінде партияның сенімін ақтауға барынша тырысатындығын айтты. «Бүгін маған үлкен міндет, зор жауап­кершілік жүктедіңіздер. Ал­­дағы уақытта сіздермен бір­­ле­­сіп, сол міндеттерді абыроймен­ атқа­рамыз ғой деп ойлаймын. Жал­пы, Коммунистік партия бағ­дар­ламасын дамытуға, мақ­сат­та­рын одан әрі жүзеге асыруға зор мүм­кіндігіміз бар деп сенемін», – деді кандидат. «Егемен-ақпарат».