Таяуда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен бірқатар аудандар мен қалалардың әкімдері ауыстырылды. Облыс әкімінің орынбасары Е.Салимов Зырян қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Өнеркәсіп пен құрылыс саласын жетік білетін іскер, жас басшы өнеркәсібі өркендеген Зырянда да жақсы істерімен көзге түседі деген үміттеміз.
Ал Катонқарағай ауданының үш жыл үш ай жемісті басқарып,өңірде көп істер тындырған, ауданды рейтингтік көрсеткіште бірінші орынға шығарған, өткен жылы “Құрмет” орденімен марапатталған тындырымды да білікті жас басшы Серік Зайнулдин өзі туып-өскен Зайсан ауданының әкімі қызметіне кірісіп кетті. Ал мұның алдында принципті, бастаған ісін аяқтамайынша тыным таппайтын тағы бір іскер азамат, осы ауданды үш жыл басқарған Әнуарбек Мұхтарханов халқы 70 мыңнан асатын Аягөз ауданының тізгінін ұстады. Катонқарағай ауданының әкімі болып Арман Бекбосынов, Ұлан ауданының басшысы болып Жомарт Мұратов тағайындалды.
Облыс әкімінің орынбасары орынтағына Ермек Көшербаев отырды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, ӨСКЕМЕН.