05 Наурыз, 2015

Төрағаның ұсынысы қаралды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Конс­ти­туциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов пен Ләззат Жаңы­лысқызы Сүлейменді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының ұсынысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына үміткерлерді палата қарауына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.