05 Наурыз, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

216 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Редакция) 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауға қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған баспа көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды. Газет көлемін берудің жалпы шарттары Редакция мақалалар түріндегі үгіт материалдарын жа­риялайды. Үгіт материалдарының мәтіндерін Кандидаттардың өздері әзірлейді. Кандидатқа үгіт материалын жариялау үшін мыналар қажет:
  1. Редакцияға мынадай ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады:
1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты/жазбаша мәлім­демені  тапсыратын уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.
  1. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс:
1) Кандидаттың тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) Кандидаттың өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық тасымалдағышта ашу; 4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын көшірме; 5) шарт жасау үшін өтініш білдірушінің өкілеттігін растайтын құжаттар. Орналасатын көлемнің жоспарлы ауқымы көрсетілген жазбаша мәлімдеменің мазмұны.
  1. Кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның қолы.
  2. Редакциямен шарт жасауы.
Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі 2015 жылғы 26 наурыздан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлімдемелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2015 жылғы 24 сәуір. Редакция Кандидаттардан мәтіндердің түсу ретіне қарай үгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Кандидаттар үгіт материалдарын одан әрі жариялауды Редакциямен уағдаластық бойынша жүзеге асырады. Бірнеше Кандидаттардан/уәкілетті тұлғалардан бір мезгілде мәлімдемелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүргізеді. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастырудың кезектілігін талас білдіруші Кандидаттар немесе Кандидаттың мүддесін білдіретін уәкілетті тұлға және талас білдірушінің тәуелсіз тарабы ретіндегі Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияның есеп айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыз­дық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүргізетін болады. Редакция «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде үгіт материалдарын орналастырудың орнын дербес айқындайды. Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі Кандидаттар үгіт материалдарының мәтіндерін жариялаудың жоспарланатын күніне дейін үш күн қалғанда Редакцияның жарнама бөліміне тапсырады. Мәтіндер Кандидаттың өзінің қол қоюымен баспа нұсқасында тапсырылуы және электрондық тасымалдағышта қайталануы қажет. Мәтіндердің баспа нұсқаларын берудің күні және уақыты көрсетіліп, тіркеу нөмірімен екі данада тапсырылады. Сондай-ақ бейнелері үгіт материалында пайдаланылатын тұлғалардың жазбаша рұқсаты (қайтыс болған жағдайда – олардың мұрагерлерінің) керек. Редакцияның жарнама бөлімінің қызметкерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдау туралы белгіні қояды, қабылдау күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында лауазымын және тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мәтіннің бір данасы жарнама бөлімінде қалдырылады, екінші данасы оны тапсырған тұлғаға қайтарылады. «Егемен Қазақстан» газетінде үгіт материалдары жарияланған кезде  «Сайлау-2015» айдарымен орналастырылатын болады. Егер үгіт баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары жария етілсе, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған өзге негіздерде газет ондай үгіт ­баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Басқа Кандидаттардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда  Редакция Кандидаттың үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады. Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі Кандидат, сенім білдірілген тұлға үгіт материалын жариялаудың 100 пайыз құнын газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 1 100 (бір мың бір жүз) теңгеден төлейді. Төлемақы Редакция қойған шот негізінде жүргізіледі. Төлемақы сәйкесетін шартта көрсетілген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша  нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаған жағдайда сәйкесетін актілердің нормалары қолданыста болады. Жарнама бөлімі: e-mail: egemen_adv@mail.ru, egemenkz@mail.ru Астана қаласындағы телефон: 8 (7172) 37-60-49,