АТЫРАУ. 5 наурыз. Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілісте көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі пысықталып, 185,7 шақырым қорғаныс бөгетінің қуатын күшейту қажеттігі айтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Құрмановтың мәлім етуінше, 1967-1994 жылдары аралығында 500 шақырымнан асатын қорғаныс бөгеттері салынған. Алайда, Исатай ауданында 1,7 шақырым бөгет салудың қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге, 185,7 шақырым бөгеттің техникалық ахуалы көңілден шықпайды. Қорғаныс бөгеттерін мемлекеттік комиссиямен қабылдау, тіпті тиісті құжаттарын жасақтау жұмыстары Атырау қаласы, Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға және Жылыой аудандарында атқарылмаған.
«Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары барысында 12 тонна жанар-жағар май, 200 тонна құм, 187 мыңнан астам қапшық дайындалған. Сондай-ақ, төтенше жағдай туындағанда әр түрлі құрылымдардан 109 адам, 31 техника, 35 жүзу құралы және «Еурокоптер» тікұшағы көмек беруге әзір», деп мәлім етті Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Марат Құрманов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25