АСТАНА. 1 шілде. Оңтүстік Қазақстанда екі қызын буындырып өлтірген әйелге облыстық қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған соты үкім шығарды. Үкімде қылмыскер 20 жылға сотталғаны айтылған. Бұл туралы nur.kz хабарлады.
Облыс тұрғыны осы жылдың сәуір айында Сарыағаш қаласында 2004 және 2006 жылы туған екі қызын аса қатыгездікпен өлтірген болатын. Белгілі болғандай ол қыздарын ер адамның галстугімен буындырған. Судьяның айтуынша, ол алдымен үлкен қызын, артынша кіші қызын өлтірген.
Судья Самидин Темірәлиев: «Әйел айыбын мойындап аудандық ішкі істер бөліміне өзі келген. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1,3,14-тармақтарының 2-бөлімі бойынша айып тағылды. Сондай-ақ, Тулағанованың айыбы сотта толықтай дәлелденді. Сот оған жалпы режімдегі колонияда 20 жылға жазасын өтеу үкімін шығарды», – деді.
Айта кетейік, қылмыскердің тағы екі ересек баласы бар. Олар туысқандарының қолында тәрбиеленуде. Жеткіншектердің алдағы тағдыры сотпен шешілетін болады. Ал сотталған ана ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: nur.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше