05 Наурыз, 2015

Франция соты Әбіләзовтің экстрадициясын растады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-03-15-abliazov-1

АСТАНА. 5 наурыз. Францияның кассациялық соты Қазақстандағы «БТА банк»-тің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов адвокаттарының апелляциясын қабылдамай тастады. Бұл туралы «Франс-Пресс» хабарлады. Осылайша банкирді экстрадиция жасау жөнінде Лионның апелляциялық соты қабылдаған шешім өзінің күшінде қалды. Кеше қабылданған қаулыға енді премьер-министр қол қоюы керек. Аталмыш қаулының күшін жою үшін Францияның мемлекеттік кеңесіне ғана шағым айтуға болады. Мұхтар Әбіләзов Францияда 2013 жылы қамауға алынған болатын. Содан бері оның экстрадиция жасалуын Ресей мен Украина қайта-қайта сұрап жатыр. Ал Қазақстан мұны жасай алмайды, себебі, бұл елдің Франциямен экстрадиция жасау жөнінде келісімі жоқ. Өткен жылғы қазан айында Лиондағы апелляциялық сот банкирді экстрадиция жасау жөніндегі сұранысты қарағаттандыруды ұсынған еді. Мұнда басыңқылық Ресейге берілді. Ал Ресейде Әбіләзовті қамауға алу жөнінде санкция шығарылып қойылған. Бұрынғы банкир бұл елде алаяқтықпен айналысты, жалған құжаттар жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптаулар алып отыр. Қазақстан оған алты миллиард доллардан артық соманың қаржылық тәртіп бұзуышылығын жасады деген кінә тағады. Әбіләзов пен оның адвокаттары мұның астарынан саяси себептер іздеп әуреге түсіп жүр. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет:             Франс Пресс.