АСТАНА. 1 шілде. Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты сұхбат кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапқа белгілі журналист, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановқа соңғы жылдары берген сұхбаттары топтастырылған. Салтанатты шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент депутаттары және зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жалпы, кітапта Елбасы өзінің шыққан тегінен бастап, балалық шағы, мектептегі кезі, Днепродзержинскідегі жастық жылдары, Теміртаудағы құрыш құйған сәттері туралы әңгімелейді. Туынды 16 тараудан, 570 беттен тұрады. Оны таяуда еліміздің барлық кітапханаларынан оқуға болады.
Жаңа туынды туралы Мемлекеттік хатшы: «Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті, әлемдік деңгейде біртуар тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи өмірі жайында жазылған шығармалар қатары мазмұны терең жаңа туындымен толығып отыр. Елбасымыздың өмірбаяны алғаш рет өзінің «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында баяндалғанын білеміз. Қазақстан Президентінің содан кейінгі кітаптарының барлығы елдің стратегиялық даму бағытының жекелеген тармақтарына арналғаны мәлім. Сондықтан «Өмір өткелдері» Мемлекет басшысының тәуелсіздік алған 1991 жылдан кейін өзі туралы әңгімелеген екінші кітабы деуге болады. Шығарманың құндылығы туралы айтар болсам, Елбасы мен сұхбат алушы арасындағы әдеби шынайы әңгіменің өрбуі, егемендік шежіресіне қатысты бұрын-соңды естімеген тың деректердің ұсынылуы, «Ұшқан ұя ұлағаты» атты тараумен басталып, «Нұрлы жолға» ұласуы сияқты өмірбаяндық сұхбаттар тарихи оқиғалармен сабақтастырыла рет-ретімен берілуі, сондай-ақ, өзара диалог барысындағы интеллектуалдылық пен қазақтың шұрайлы тілі оқырманды өзіне тартатын ерекше тұстарының қатарына жатады», – деді.
Өз кезегінде шара модераторы, Елбасы қызметі туралы бірқатар кітаптардың авторы Махмуд Қасымбеков Президенттің жаңа кітабының ерекшеліктерін айтып берді. Сонымен қатар, белгілі тұлғалар – Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Төлеутай Сүлейменов және Александр Тараков кітап туралы өз пікірлерін білдірді.
Жақсыбай Самрат.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: baq.kz.
• 01 Шілде, 2015
Елбасының «Өмір өткелдері» атты сұхбат кітабы жарық көрді

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05