Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің, Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Ертас Мұратбековтің және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында брифинг болып өтті.
Дін саласындағы уәкілетті органның төрағасы Дін істері комитетінің жұмысы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында айтылған ойларын іске асыру шеңберінде мемлекет пен қоғамымыздың тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мен нығайтуға, конфессияаралық ауызбіршілікті нығайта түсуге, зайырлы және дәстүрлі ұлттық, діни-рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға жұмылдырылып отырғанын атап көрсетті. Елімізде дәйекті мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қарым-қатынас орнатылған. Осының көрінісі ретінде елімізде берік орныққан ұлтаралық және конфессияаралық келісім әлемде «Қазақстан жолы» ретінде танылған. Ғалым Шойкин: «...Бұл – мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жемісі» және «Қазақ халқының тегінде бар бауырмалдық пен төзімділіктің нәтижесі», деп атай отырып, бұл, өз кезегінде, еліміздің дамуының бүгіні мен болашағына берік іргетас қалайтынын көлденең тартты. Одан кейін сөз алған Айнұр Әбдірәсілқызы дәстүрлі рухани-өнегелілік құндылықтарды жаңғырту және зайырлылық қағидаттарын ілгерілету бағытында іске асырылып отырған жұмыстарды баяндаса, Ертас Мұратбеков Елбасы бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде әлемдік деңгейдегі үнқатысу алаңы ретінде танылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің мәні мен маңызына жан-жақты тоқталып, биылғы жылғы 10-11 маусымда елордамыз Астанада өтетін V съезге дайындық жұмыстары туралы айтып өтті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25