АСТАНА. 5 наурыз. Футболдан Нидерланды құрамасының бұрынғы ойыншысы, әйгілі шабуылшы Патрик Клюйверт Кюрасао ұлттық командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
Клюйверт үшін бұл бас жаттықтырушы ретіндегі алғашқы тәжірибе. Бұған дейін ол Нидерланды ұлттық құрамасының бас бапкері Луи ван Галдың көмекшісі қызметін атқарып келді. Кюрасао футболының басшылары бүгін Патрик Клюйвертті футболшылармен ресми түрде таныстырмақ.
Жалпы, бұл ел ФИФА рейтингінде 209 команданың арасында 160-орында келеді. Кариб теңізінде орналасқан арал мемлекеттің Клюйвертке қойып отырған басты талабы 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу. Жуырда Кюрасао Монсеррата құрамасымен ойнайды. Егер бұл ойында жеңіске жетер болса, Клюйверттің шәкірттері келесі тартыста Кубамен күш сынаспақ.
38 жастағы нидерландылық маман жаттықтырушылық қызметін 2010 жылы бастады. ««Барселонаны» жаттықтырсам деймін. Әзірге бұл арман ғана. Сол арманның жүзеге асқанын қалаймын. Үмітім зор. Егер «Реал Мадридтен» де ұсыныс түсіп жатса, қарсы болмас едім», дейді даңқты футболшы.
Патрик Клюйверттің футболшы ретіндегі жұлдызды шағы 1998-2004 жылдары «Барселона» сапында өткенін айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: eurosport.ru.
Сурет: armfootball.com

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25