21 Шілде, 2010

ЕҢБЕГІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ҰМЫТЫЛМАУЫ ТИІС

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, көрнекті заңгер-ғалым Ғайрат Сапарғалиевтің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы академиктің еліміздің заң ғылымын дамытуға және тәуелсіз Қазақстан заңнамасының қалыптасуы мен нығаюына үлкен үлес қосқанын атап өтті. “Ғайрат Сапарғалиұлының сан-салалы еңбегі мен қызметі ешқашан ұмытылмауы тиіс”, – делінген көңіл айту жеделхатында.