АСТАНА. 1 шілде. Қазақстанның футбол төрешілері Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде қазылық етеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ертең аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңі басталады. Осы сында «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командалары арасындағы ойында Қазақстан қазылары қызмет көрсетеді. Нақты айтсақ, Молдова астанасы – Кишинев қаласында өтетін матчта талдықорғандық Денис Измайлов бас төреші болып тағайындалды. Ал оның қапталдағы көмекшілері – Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші – қарағандылық Артем Кучин.
Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Измайлов төрешінің қосымша көмекшісі болды.
Айта кетейік, бұл сында еліміздің намысын үш бірдей команда қорғайды. Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Израильдің «Бейтарын» қабылдайды. Аталған матч Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.
Сонымен қатар Ақтөбеде «Ақтөбе» – «Калью» (Эстония) ойыны өтеді. Бұл кездесу сағат 22:00-ге жоспарланған. Үшінші команда – Алматының «Қайраты» сырт алаңда «Црвена Звездамен» (Сербия) күш сынасады. Бұл ойын Астана уақытымен 3 шілде күні сағат 00:45-те басталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
• 01 Шілде, 2015
Футбол. Еуропа лигасында Қазақстан төрешілері де қазылық жасайды

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11