21 Шілде, 2010

БОСҚЫНДАР МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының делегациясы бірлескен коммюнике қабылдады. Жақында Астанада БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жо­ғар­ғы комиссары басқармасының (БЖКБ) делегациясы жұмыс ба­бындағы сапармен болды. Деле­га­цияны БЖКБ-нің халықаралық қорғау бөлімінің директоры Вол­кер Терк бастап келді. Сапар ба­ры­сында өңірдегі соңғы оқиға­лар­ға байла­ныс­ты ынтымақтастықтың перспек­тивалары талқыланды. Сон­дай-ақ Сыртқы істер, Әділет, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен Бас прокуратурада кездесулер өтті. Тараптар босқындарға көмек және қолдау көрсету бойынша   екі­жақты және өңірлік ынты­мақ­тастық мәселелерін талқылап, олар­ды халықаралық және  мем­лекеттік тұрғыдан қолдау жайын сөз етті. Сонымен қатар, Орталық Азия өңіріндегі аралас миграция мен азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы жөнінде пікір алмасты. БҰҰ БЖКБ Қазақстан Респуб­ли­касының “Босқындар туралы” Заң қабылдағанына ризашылық білдірді. Сонымен бірге, бос­қын­дарды тіркеу, оларға билік тара­пы­нан тиісті мәртебе беру секілді кө­кейкесті мәселелер талқыланды. Екі жақ осы және басқа да мәсе­ле­лер бойынша тығыз өзара іс-қи­мылды жалғастыруға уағдаласты. БЖКБ делегациясы Қазақстан­ды ЕҚЫҰ-дағы табысты төраға­лығымен құттықтап, Қазақстан Рес­публикасының Үкіметіне аш­ық­тығы және жан-жақты ынты­мақтастыққа әзірлігі үшін ризашы­лығын білдірді. “Егемен-ақпарат”.