АСТАНА. 1 шілде. Ұлыбританияда өтіп жатқан теннистен Уимблдон турнирінде қазақ қызы Зарина Диас үшінші айналымға шықты. Екінші кездесуінде ол белорус қызы Александра Сосновичті екі сетте 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынның бірінші сетінде қарсыластар тең дәрежеде өнер көрсетті. Тіпті алғашқы екі геймде ұпай Сосновичтің еншісіне жазылып, ол есепте алға шыққан еді. Кейін қарсыластар 9-геймге дейін өз доптарынан ұпай алып отырды. Сол кезде есеп белорустің пайдасына 5:3 болатын. Дер кезінде жинақылық танытқан Зарина қатарынан 4 мәрте ұпай алып, бірінші сетті өз пайдасына аяқтады.
Ал келесі сетте З.Диас қарсыласын тырп еткізбеді. Сосновичке бар болғаны бір ғана ұпай ұстатқан ол 6:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепте де басым түсті.
Зарина үшінші айналымда Андреа Петкович (Германия) пен Мариана Дуке-Марино (Колумбия) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады. Осы ретте, айта кетер жайт, отандасымыз өткен жылы аталған турнирге алғаш рет қатысып, төртінші айналымға дейін жеткен болатын. Биыл да сол нәтижесін қайталаса WTA рейтингіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартады.
Бұл сында ел намысын қорғайтын тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева үшінші айналымның жолдамасы үшін Винус Уильямсқа қарсы ойнайды. Ал Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин және Александр Недовесовтар бірінші айналымнан аса алмады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: zimbio.com.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше