Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болып табылады, ал адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары құндылықтары екендігі аян. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Негізгі Заңның 24-бабымен қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу талаптарына жауап беретін, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдау құқығына кепiлдiк берілген.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау үш деңгейден тұрады.
Әлеуметтік қорғаудың
базалық деңгейі ҚР Конституциясының 28-бабында көзделген, талаптар мен әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асырады. Әрбір азаматқа жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негiздерде ең төменгi жалақы мен зейнетақының мөлшерiнде әлеуметтiк қамсыздандырылуына кепiлдiк берiледi және сондай-ақ, ерiктi әлеуметтiк сақтандырумен, әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасаумен және қайырымдылықпен көтермеленiп отырады.
Кепілдендірілген төлемдердің мөлшері барлық алушылар үшін бірдей және олардың жалақыларына байланысты болмайды. Бұл санатқа: атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуы жағдайында берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар кіреді.
Әлеуметтік қорғаудың
қосымша деңгейі тұрақты негізде міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар төленген жұмыс істейтін халықты қамтиды.
Аталған төлемдердің мөлшері әлеуметтік тәуекел жағдайларының басталуымен қатар, табыс мөлшеріне және қатысу өтіліне де байланысты болады.
Аталған төлемдерге: жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлем; мынадай төлемдерді әлеуметтік сақтандыру мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен: жұмысынан айырылуы; еңбек ету қабілетінен айырылуы; асыраушысынан айырылуы; жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылуы; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайларына төленетін төлемдер жатады.
Ерікті деңгей ерікті негіздегі төлемдердің кез келген түрін білдіреді. Мысалы, ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдері, өмірді сақтандыру бойынша компаниядан төлемдер, сондай-ақ, ерікті жинақтар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында экономикалық белсенді халықты (жұмыс істейтін азаматтарды) табысынан айырылуымен байланысты әртүрлі қатерлерден әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін құрайтын міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген. Әлеуметтік қорғаудың бұл деңгейі еңбек ету қабілетінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілігіне және бала тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы кезінде жоғалтқан табыстың бір бөлігінің орнын толтырады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қаржылық ресурстар жұмыс берушілердің және өзін өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың төлейтін әлеуметтік аударымдарының есебінен құралады.
Әлеуметтік аударымдарды төлеу азаматтарға әлеуметтік тәуекелдер басталған жағдайларда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алуға құқық береді.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе өзiн өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Қордың қызметі жайлы
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады. Қор қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуын және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
Әлеуметтік тәуекелдердің жоғарыда аталған бес түрі басталған жағдайда әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына, яғни барлық қызметкерлерге (жұмыс істейтін зейнеткерлерден басқа), ол үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төленетін немесе өз бетімен төлейтін, ҚР аумағында тұрақты тұратын және табыс алатын, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғаларды қоса алғанда, өз бетімен жұмыспен айналысып жатқан тұлғаларға тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қордан әлеуметтік төлем алу құқығы мынадай жағдайларда басталады:
еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап, алушы әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан барлық кезең үшін тағайындалады.
Тәуекелдің аталған түрі бойынша әлеуметтік төлем алу үшін тұрғылықты жері бойынша ЗТМО бөлімшесіне, не ХҚКО-ға өтініш жасау қажет. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімшесіне де өтініш жасауға болады.
Әлеуметтік төлемді тағайындау өтініштің және жеке басын растайтын құжаттың (сәйкестендіру үшін) негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, өтінішке: 1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігі туралы; банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің ақпараттық жүйесінен алынған, жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі: жеке басын растайтын, құжаттың көшірмесі (жеке басының куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты); тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын, құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер;
асыраушысынан айырылған жағдайда – қайтыс болғандығы туралы куәлікте көрсетілген, қайтыс болған күннен бастап, не азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп танығандығы жайлы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялағандығы туралы соттың шешімінде көрсетілген күннен бастап тағайындалады.
Тәуекелдің аталған түрі бойынша әлеуметтік төлем алу үшін тиісті өтінішпен тұрғылықты жері бойынша ЗТМО бөлімшесіне, не ХҚКО-ға өтініш жасау қажет.
Әлеуметтік төлем тағайындау өтініштің және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады: жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін); асыраушысының қайтыс болғандығы туралы куәлік немесе азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп танығандығы жайлы немесе азаматты қайтыс болды деп жариялағандығы туралы соттың шешімі; қайтыс болған адаммен (сотпен хабар-ошарсыз кеттi деп танылғанмен немесе
қайтыс болды деп жарияланғанмен) туыстық қатынасын растайтын, құжаттар, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, бала (балаларды) асырап алғандығы туралы куәлігі; отбасы мүшелерінің оқушылар немесе оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын, студенттер болып есептелетіндігі жайлы (жыл сайын жаңартылып отырады) жалпы орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан анықтамалар; бала (балаларды) асырап алғандығы туралы құжат (қажет болған жағдайда).
Жоғарыда аталған құжаттардан басқа өтінішке: 1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған: өтініш берушінің жеке басын растайтын; тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігі туралы; банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы; балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгендігі туралы; 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің ақпараттық жүйесінен алынған, мүгедектік тобына куәландыру жүргізілгендігі және белгіленгендігі туралы (он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан, балалары, оның ішінде асырап алған балаларының аға-інілері, апа-сіңлілері және немерелері бала кезінен бастап І немесе ІІ топтағы мүгедек болып танылған жағдайда) мәліметтер қоса тіркеледі.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі: жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі (жеке басының куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты); тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын, құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер; балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгендігі туралы куәлік;
жұмысынан айырылған жағдайда – жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркеуге өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады.
Тәуекелдің аталған түрі бойынша әлеуметтік төлем тағайындау және алу үшін тұрғылықты жеріндегі ЗТМО бөлімшесіне, не ХҚКО-ға жүгіну қажет. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде, сондай-ақ жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы мәлімет болған жағдайда «электронды үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы әлеуметтік төлем тағайындауға өтінішті қоса қабылдайтын, жұмыспен қамту орталығына өтініш жасауға болады.
Әлеуметтік төлем тағайындау өтініштің (оның ішінде электронды) және жеке басын растайтын құжаттың (сәйкестендіру үшін) негізінде жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған құжаттардан басқа өтінішке: 1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігі туралы; банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы; 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің ақпараттық жүйесінен алынған, жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркегендігі туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі: жеке басын растайтын, құжаттың көшірмесі (жеке басының куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты); тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын, құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер;
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда – жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген, еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (парақтарында) көрсетілген күннен бастап тағайындалады.
Тәуекелдің аталған түрі бойынша әлеуметтік төлем алу үшін тиісті өтінішпен тұрғылықты жеріндегі ЗТМО бөлімшесіне өтініш жасау қажет.
Әлеуметтік төлем тағайындау өтініштің және құжаттардың негізінде жүзеге асырылады: жеке басын растайтын, құжаттың (сәйкестендіру үшін);
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген, еңбекке уақытша жарамсыздық парағының (парақтарының); жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемге құқық басталған, айдың алдындағы соңғы он екі күнтізбелік ай үшін табысы туралы жұмыс орнынан анықтама (анықтамалар); өз бетімен жұмыспен айналысып жатқан, тұлғалар үшін қосымша – нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5446 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген, жеке шоттарды жүргізу ережесінің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік кіріс органдары берген салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі.
Жоғарыда аталған құжаттардан басқа өтінішке: 1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігі туралы; банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы; жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы (жеке кәсіпкер өтініш жасаған жағдайда) мәліметтер қоса тіркеледі.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі: жеке басын растайтын, құжаттың көшірмесі (жеке басының куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты); тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын, құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда – баланың туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап, бала (балаларды) асырап алған және бір жасқа толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған, балаға қорғаншылық тағайындау жағдайында – бала (балаларды) асырап алғандығы туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық тағайындалған күннен бастап тағайындалады.
Бұл жағдайда тұрғылықты жері бойынша ЗТМО бөлімшесіне, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «электронды үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы өтініш жасауға болады.
Әлеуметтік төлем тағайындау өтініштің (оның ішінде электронды) және жеке басын растайтын, құжаттың (сәйкестендіру үшін) негізінде іске асырылады: жеке басын куәландыратын (сәйкестендіру үшін); баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туғандығы туралы актілік жазбадан үзінді; қамқорлық немесе қорғаншылық қызметтерін іске асыратын, органның берген (бір жасқа дейінгі бала (балаларды) асырап алған жағдайда), бала (балаларды) асырап алғандығы туралы соттың шешімінен үзінді.
Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау үшін құжаттар, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін (куәліктерін), не 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген, тіркеу бойынша туғандығы туралы актілік жазбадан үзінді, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген, тіркеу бойынша неке қию туралы куәлік ұсыну талап етілмейді.
Жоғарыда аталған құжаттардан басқа өтінішке: 1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын; тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігі туралы; банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер қоса тіркеледі.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: жеке басын растайтын, құжаттың көшірмесі (жеке басының куәлігі, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты); тұрақты мекенжайы бойынша тіркелгендігін растайтын, құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы); банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын, банктерде және/немесе ұйымдарда ашылған, банк шотының нөмірі, не түзету мекемесінде бақылау шотының бар екендігі туралы мәліметтер.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша, жұмысынан айырылуымен, жүктілікке және бала тууына байланысты табысынан айырылуымен, сондай-ақ, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылумен байланысты әлеуметтік тәуекелдер басталған кезде әлеуметтік төлем алу үшін әлеуметтік төлемге құқық пайда болған күннен бастап он екі айдың ішінде өтініш жасауға болатындығына назар аудару қажет.
Осылайша, Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың базалық нысандарына қосымша, Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүзеге асырылады.
Марат ЖӘНІБЕКОВ,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры» АҚ вице-президенті.