АСТАНА. 5 наурыз. Эстонияда мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Аталған додаға еліміздің атынан Элизабет Тұрсынбаева қатысуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Эстонияның астанасы Таллинде өтіп жатқан жарыста біздің қыз әзірге жетінші орында келеді. Қысқа бағдарлама бойынша Элизабет 55,95 ұпай жинады. Бұл сында ресейлік Евгения Медведева 68,48 ұпаймен көш бастады. Екінші орынға Женяның отандасы Серафимы Саханович (63,09 ұпай) жайғасса, үздік үштікті Жапония спортшысы Вакаба Хигучи (61,27 ұпай) түйіндеп тұр.
Сайысқа барлығы 43 спортшы қатысып, соның 24-і еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Аталған сайыс 6 наурыз күні өтеді. Таллиндегі тартыста ел намысын жалғыз Элизабет Тұрсынбаева қорғап жатқанын айта кетейік.
Мәнерлеп сырғанаушы қызымыз бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда олжа салып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Тіпті жасөспірімдер арасындағы гран-при жарысының екі кезеңінде жүлдеге ілігіп, әлемдік мамандардан жоғары баға алды. Бүгінде қазақ қызы Канадада белгілі жаттықтырушы Брайан Орсерден тәлім алады. Ким Юна (Ванкувер-2010) және Юдзуру Ханю (Сочи-2014) сынды екі бірдей Олимпиада чемпионын дайындаған канадалық маман біздің қыздың да болашағына үмітпен қарайды. Өткен ақпан айында 15 жасқа толған Тұрсынбаева осы жылдың күзінен бастап ересектер арасындағы жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sk-sport.kz.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25