ПЕТРОПАВЛ. 5 наурыз. Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңес төрағасы Әділбек Мұқашевтың басшылық етуімен өткен отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын өрескел бұзған шенеунік қызметінен алынатыны мәлім болды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айыртау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі С.Дайыровқа қатысты қаралған мәселе осындай шешіммен аяқталды. Өйткені, шенеунік мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбестен-ақ «Норд жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төрт миллион теңгені ұстата салған. Сөйтіп, қыс мезгілінде автомобиль жолдарын тазалау жайлы келісім-шартты түзу барысында заңға қайшы әрекеттерге барған. Осылайша сыбайлас жемқорлықпен күрес талаптарын белден бір-ақ басқан жауапты тұлға қызметінен алынатын болды.
Облыстық филармонияның басшысы Б.Ақмағамбетованың құқық бұзушылық іс-әрекеттері туралы қала прокуратурасы өкілінің есебінен кейін тәртіптік кеңес мүшелерінің істі өкілетті орган қарауына жолдау керек деген ұсынысы қабылданды. Оған Б.Ақмағамбетованың қалалық мәслихат дептутаты мәртебесі бірден-бір негіз болды.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: qazaquni.kz.
• 05 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстанда заң бұзған шенеунік қызметінен алынады

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25