ОРАЛ. 5 наурыз. Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының белден басылу көріністері кездесіп қалып жүр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осындай жағдай жақында шалғайдағы Қаратөбе ауданында тіркелді. Мұнда прокуратура органдары бюджет қаражатының негізсіз, шектен тыс артық жұмсалу көріністерін анықтады.
Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәлімет өткен жылдың 15 қыркүйегінде Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі ет өнімдерін білім ордаларына жеткізу жөнінде «Талапкер» шаруа қожалығымен келісімшарт жасағанын айғақтайды. Бұл кезде еттің әр килосы үшін 900 теңге баға белгіленген. Тиісті нормативтер мен талаптар бойынша биылғы жылдың басында аталған келісімшарт ұзартылуға тиісті болатын. Алайда, бұл тәртіп орындалмаған.
Дәл осы арада мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама бұзылып, ендігі жерде еттің әр килосын 1200 теңгеден жеткізу жөнінде қосымша келісімшарт жасалған. Сөз жоқ бұл нақты бағадан әлдеқайда жоғары, негізсіз әрі көтеріңкі баға болатын.
Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде қосымша келісімшарттың күші жойылды. Осы уақыттың ішінде аудандық білім беру бөлімі «Талапкерге» 132 миллион 600 теңгені негізсіз төлеген. Осы соманың бәрі бюджетке кері қайтарылып алынды. Бұған қоса 862 миллион теңге бюджеттік қаражатты үнемдеу мүмкіндігі туды.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: news.nur.kz.
• 05 Наурыз, 2015
Батыс Қазақстанда орынсыз жұмсалған қаражат қайтарылды

Қоғам • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Кеше