06 Наурыз, 2015

Арнайы өкіл сапары нәтижелі

245 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Дьяченко Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың арнайы өкілі ретіндегі сапары аясында Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбаса­ры Сергей Дьяченко Босния және Герцеговинада осы ел пре­зи­денттігінің төрағасы Мла­ден Иваничпен, Босния және Гер­цеговина Парламенті өкіл­дері палатасының (төменгі пала­та) төрағасы  Шефик Джафе­ров­пен, сондай-ақ, Босния және Гер­цеговина СІМ бастамасы бой­ынша сыртқы саясат ведо­моство­сының басшысы Амер Капе­тановичпен кездесті. Кездесу барысында Сергей Дья­ченко Қазақстан Республикасы Пре­­зи­дентінің Босния мемлекетіне гүлдену мен табыс тілеген ықыласын  жеткізді. Арнайы өкілдің атап өткеніндей, Босния және Герцеговина Қазақ­станның осы аймақтағы маңызды саяси әріптесі саналады. Екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық өзара түсіністік пен сенім деңгейінде қанат жайып келеді. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Босния және Герцеговинаның Қазақстанның халықаралық маңызды бастамаларына көрсеткен қолдауларына жоғары баға бере келіп, алдағы уақытта сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңыздылығына тоқталды. Өйткені, қазіргі уақытта Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы тауар айналымын нығайтудың, сондай-ақ, екіжақты ықпалдастықтың келісім-құқықтық базасын жетілдірудің мүмкіндігі зор. Қазақстан Президентінің арнайы өкілі Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде әлеуметтік-эко­но­микалық, саяси салаларда жүргізілген реформалардың нәти­жесінде қол жеткізілген табыстарды сөз ете келіп,  біздің еліміздің Еуропадан, Америкадан, Азиядан Орталық Азияға тартылған бар­лық инвестицияның 80 пайыздан астамын жинақтағанын, оның тәуелсіздік алған жылдар ішінде   200 млрд. АҚШ долларын құрағанын алға тартты. Сондай-ақ, ол Қазақстан Президентінің  халықтың әл-ауқатын көтеру және дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында ұсынған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы да хабардар етті. Ғаламдық мәселелерді сөз еткенде С.Дьяченко Қазақстанның дін­аралық және ұлтаралық толе­рант­тылықтың, жанжалды бейбіт жолмен реттеудің жақтаушысы екенін және солай қала беретінін атап өтті. Қазақстан ЕҚЫҰ және ШЫҰ сынды халықаралық ұйымдар аясында аймақтық әрі ғаламдық сұрақтарға қатысты мақсаттар мен міндеттерді алға жылжытуда айтарлықтай үлес қосты. Біздің еліміздің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты көмегі аймақтық қауіпсіздікті нығайтуда маңызды рөл атқарды. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ядролық қарудан бас тарту мен Семей  полигонын жабу бастамасы – осы саладағы ірі жетістіктердің бірі. Қазақстан халықаралық қо­ғам­дастықтың мүшесі ретінде басқа аймақтарда тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдауға байланыс­ты БҰҰ халықаралық бітімгерлік миссиясына айрықша үлес қосуда. Босния және Герцеговина басшысымен әңгіме барысында Қазақстан Президентінің арнайы өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдау туралы өтінішін жеткізе келіп, Босния және Герцеговина президенттігінің төрағасы Младен Иваничке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке жолдауын салтанатты түрде табыс етті. Өз кезегінде Босния және Гер­цеговина басшысы Қазақстан Президентіне ыстық ықыласы мен су тасқыны кезінде көрсет­кен қаржылық көмегі үшін риза­шы­лығын білдірді. Младен Ива­нич Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы екіжақ­ты қатынасқа жоғары баға бере оты­рып, сауда-экономикалық, инвес­тициялық, құқықтық сала­дағы байланыстарды одан әрі терең­дету керектігіне көңіл бөлді.  Босния президенттігінің төра­ғасы Қазақстанның аймақта, бүкіл әлемде қауіпсіздікті күшейту жо­лындағы үлесіне ерекше назар аудара келіп, біздің елімізді Орталық Азиядағы бейбітшілік пен дамудың орталығы деп атады. Одан әрі Младен Иванич 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мү­шелігіне Қазақстан кандидатурасын қолдайтындығын және әріптестеріне өз ұсынысын айтатынын жеткізді. Бұл тақырып одан кейін С.Дья­ченконың Босния және Герцеговина Парламенті өкілдері палатасының (төменгі палата) төрағасы  Шефик Джаферовпен және Босния және Герцеговина СІМ-інің бастамасы бойынша сыртқы саясат ведомствосының басшысы Амер Капетановичпен жүздесуінде де әңгіме өзегіне айналып, кең қолдау тапты. Сәулебек БІРЖАН.