Қарағанды хайуанаттар паркінде қызықтайтын аң мен құстар аз болмаса да келушілер ең алдымен тамашалауға құмар екі орман тағысы бар. Осы күнде туғанына үш ай толып қалған, дене тұрқы күн санап толысқан олар қанша айтқанмен жастың аты жас емес пе, өздері де жиналушыларды қызықтап, іш пысуы сейілуіне қуанғандай ойнақтап-секіріп, жоғары-төмен қарғып, сергіп сала береді. Әттең, темір тор еркіндігін тықсырмаса бойындағы қызу жалын асып-төгілердей-ақ екенін үрейлі ырылдауымен, алға тап-тап басып айбат шегуімен аңдатып қояды қос бауыр. Өздері паң ба дерсің. Анау-мынау үнге елең қақпайды, ұмсынған нәрсеге ұмтылмайды.
Мұны екеуінің атақты амурлық жолбарыстардың Қарағанды жерінде тараған алғашқы тұқымы болуы қызғылықты жай болғандықтан айтып отырмыз. Жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі Серік Рыспектің пікірінше, Әлемнің әйгілі деген хайуанаттар паркінің өзінде некен-саяқ кездесетін жайдың Қарағандыда орын алуы жергілікті зоолог ғалымдар мен мамандарды қуантып, жойылудың шақ алдындағы аңдар тұқымын сақтауға мүмкіндік баршылығына үміт үлкейтіп отыр.
– Бұл жолбарыс күшіктері былтырғы жыл аяғында дүниеге келген еді. Бұдан бес жыл бұрын Ташкент хайуанаттар паркінен сатып алынған екі тектес міне, ақыры тұқым берді. «Майя» және «Амур» деп аталған кішкене, әзірге ерке тарғылымыз тез жетіліп келеді. Әкелерінен ажыратылып, енелерінің жанында қалдырылды. Бұған дейін сүт еміп келген еді, енді ет жеуді ұнататын болды. Есейген соң бөлек шығарылады. Қосақтары табылса бастарын қосу, тұқымдарын жалғастыру ойда бар, – дейді күтушісі Ерсін Ақыжанов.
Қарағандыны жерсінген амур жолбарыстарының табиғи өсім беруі бірінші рет. Аң патшасы арыстан сияқтылы басқа да жыртқыштардың ұрпақтары баршылық. Ал осындай мысық тектестердің ең ірісі әрі азулысы Амур ормандарының бір кездегі қожайынына Арқа жері жағып, өсіп-өнуге бейімділігі білінуі қуанышты-ақ.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.
Суретте: хайуанаттар паркінің қызметкері амур жолбарысының күшігімен бірге.
• 06 Наурыз, 2015
Арқаның табиғатына мойынсұнған амурлық жолбарыстар

Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Балтабай ауылындағы баянды істер
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Егіс науқаны – ерекше бақылауда
Саясат • Бүгін, 08:33
Ойын автоматтары опық жегізбей ме?
Мәселе • Бүгін, 08:30
Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі
Саясат • Бүгін, 08:27
Алматы тау кластерінің әлеуеті жоғары: Халықаралық мамандар пікірі бір арнада тоғысты
Туризм • Бүгін, 08:25
Саясат • Бүгін, 08:22
«Экологиялық биоинженерия ғылымын дамыту өзекті»
Сұхбат • Бүгін, 08:20