Атырауда 20 мың адам жаппай жүгіруге қатысты
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 20 мың адам жаппай спорттық жүгіруден өткен марафонға қатысты. Спорттық жүгірудің арақашықтығы – 2 шақырым 950 метр.
Атырау қаласындағы марафонға 6 мыңға жуық адам қатысып, Салтанат сарайынан Исатай-Махамбет ескерткіші алаңына дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Батырлар ескерткіші алдында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев жүгірушілердің арасынан ең жас қатысушы –№15 орта мектептің 3-сынып оқушысы Алтынбек Әнуарбек пен ең ересек жастағы қатысушы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 73 жастағы оқытушысы Жақсылық Рашбаевты, сонымен бірге, ең белсенді қатысушылар – облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Сәлімғали Салықбаев пен Әділбек Өтеев арнайы дипломмен марапатталды.
Ұлт батырлары атындағы алаңда әр этностың өкілдерінің қолынан шыққан әсем бұйымдар мен тағамдардың көрмесі де өтті. Бұған қоса «Тхониль», «Әлия», «Довира» секілді этномәдени бірлестіктер өкілдері өз этностарының тарихи деректерін көрсетті. Бұл күні жаппай спорттық жүгіру марафоны жеті аудан орталығында да өтті. Оған әр ауданнан 2 мыңнан, барлығы 14 мың тұрғын қатысты.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25