06 Наурыз, 2015

Аграршылар үшін қаражат

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жекеменшік және тартылған ақшалай қаражат есебінен егуге жарамды бидай тұқымын немесе бидайды сатып алуға АӨК субъектілерін қаржыландыру арқылы бидайды форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруды аяқтады. Жалпы, аталған бағдарлама бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы  жалпы сомасы 832,7 млн. теңгеге ауылшаруашылық тауар өндірушілердің (АШТӨ) 75 өтінімін қаржыландырды. 2014 жылғы қараша айының соңында басталған бағдарламаға Қостанай және Сол­түстік Қазақстан облыстарының аг­рар­шылары қатысқанын естеріңізге саламыз. АШТӨ қаржыландыру 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен жүзеге асырыл­ды. Аграршылар өз міндеттемелерін бидай жеткізілімі арқылы 2015 жылдың 1 қарашасына дейін орындауы тиіс. Егіс науқанын жүргізу үшін аграршыларды қаржыландыру бюджеттік несие қаражаты есебінен жалғасып жатқанын айта кету керек. Қазіргі уақытта Азық-түлік келісімшарт корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы АШТӨ-ден бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бағдарламасына кірісіп кетті. Оны іске асыруға Ауыл шаруашылығы министрлігінен жалпы сомасы 17 млрд. 650 млн. теңге бюджеттік қаражат бөлінді. 2015 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында Азық-түлік келісімшарт корпорациясына Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының аграршыларынан жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеден астам 136  өтінім келіп түсті. «Егемен-ақпарат».