Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жағдайда ашып, соны табыстар тілеген «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамына 10 жыл толып отыр. Осы айтулы оқиғаға байланысты Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин «КамАЗ» ашық акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Когогин бастап келген ресейлік делегация мүшелерін қабылдап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны аз уақыттың ішінде отандық машина жасау саласын дамытуға лайықты үлесін қосып келеді. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, кадрлық саясаттың сарабдалдығының жемісі. Кәсіпорын құрылған алғашқы 2005 жылдары жүк көлігінің үш түрін шығарудың өзінде біраз қиындықтар болған еді. Қазіргі кезде Көкшетау зауытында уақыттың өскелең талабындағы «КамАЗ» жүк көліктері мен арнайы техниканың 40-тан астам түрі игерілді. Осы алғашқы онжылдықта зауыт конвейерінен 10 мыңнан астам көлік шығарылды. Бұл көліктер бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Төтенше жағдайлар комитеті, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында тиімділікпен пайдаланылуда.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 2000-ға жуық автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Соңғы кезде зауыт басшылығы өнімде отандық үлестің мол болуына ерекше назар аударып отырғанын айту қажет. Оны еліміздің барлық аймақтарында жүйткіп жүрген «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар арнайы техникалардан байқауға болады. Сонымен қатар, еліміздің әр өңірінде сервистік қызмет көрсету орындары жұмыс істеуде.
Облыстық әкімдікте өткен кездесуде өңір басшысы Сергей Кулагин аталған кәсіпорынның осы жетістіктерін тілге тиек етті. Әсіресе, зауыттың ауыр өнеркәсіп саласындағы алатын орны ерекше екенін айта келе, соңғы кезде «КамАЗ» жүк көлігіне деген сұраныс азайып бара жатқанына назар аударды. Ресейлік қонақтардан осы мақсатта белгілікті жұмыстар жүргізілуі қажеттігі алға тартылды. Кездесуде акционерлік қоғамды дамытуға қатысты өзге де бірқатар мәселелер талқыланып, өзара ықпалдастық туралы уағдаластық жасалды.
«КамАЗ» ашық акционерлік қоғамының бас директоры Сергей Когогин бастаған делегация Көкшетаудағы «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамының өндірістік цехтарында болып, жүк көлігін шығару жұмыстарымен танысты.
Бұдан әрі ресейлік қонақтар облыс әкімі Сергей Кулагинмен бірге Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өткен салтанатты шараға да қатысты. Онда сөз сөйлеген өңір басшысы ұжым мүшелерін осынау мерейтойларымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келіп ашқан бұл кәсіпорынның келешегі зор. Бүгінде «КамАЗ-Инжиниринг» АҚ елімізде жүк көлігін құрастыратын бірегей зауыт. Биылғы жылы барлығы 800 бірлік автокөлік шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, – дей келе, Сергей Кулагин аталған кәсіпорынның бір топ инженер-техник қызметкерлері мен жұмысшыларын «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен және облыс әкімінің Алғыс хаты, өзге де бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, шара барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаев, «КамАЗ» АҚ бас директоры Сергей Когогин, «КамАЗ-Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Ыдырысов, «КамАЗ» ВТК» АҚ бас директоры Рафаил Гафеев және Көкшетаудағы кәсіпорын директоры Сергей Кистин сөз сөйлеп, жеткен жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55