14 Қазан, 2015

Ақтөбеде студенттерге діни сауаттылық сабағы өткізілді

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14-10-2015-aktobe 01АҚТӨБЕ. 14 қазан. Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде жастардың діни экстремистік топтарға тартылуына жол бермеу мақсатында «Аңсар» ақпараттық-насихаттық тобының мамандарымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша бірінші курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм ең өзекті мәселе болып отыр. Оған нақты мысал, Түркия мен Сирия, Ливия мен Пәкстандағы жағдай болып табылады. Өз еліміздегі Тараз, Алматы қалаларындағы, батыс өңіріндегі оқиғалар да алаңдаушылық туғызуда. Көбіне діни фанаттардың арбауына жастар түсіп қалып жатады. Оларды интернет арқылы қатарларына тартатыны да жасырын емес. Осы және басқа да дінге қатысты мәселелер төңірегінде студенттермен келелі әңгіме өткізілген шара терроризм туралы әлеуметтік бейнебаян көрсетумен басталды. Содан кейін  «Аңсар» ақпараттық-насихаттық тобы басшысының орынбасары Асланбек Тыныштық экстремизм және терроризм туралы терең түсінік берді, экстремистік топтар және діни фанаттардың сол топтарға тарту әдістері туралы әңгімеледі. Ол Қазақтан аумағында 5 діни ұйымның экстремистік және 14 ұйымның террористік топқа жататынын атап өтті. Олардың қатарында «Аль-Каеда», «Джуид аль-Халифат» және басқалары бар. Студенттер көтеріліп отырған мәселеге қызығушылық танытып, джихад деген не, радикалдық топтардың қатарына қалай түсіп қалмау керек, экстремистік топтарды қалай ажыратуға болады деген сияқты  көптеген сауалдар қойып, толық жауап алды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz. 14-10-2015-aktobe 02