02 Шілде, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы № 494

298 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
2015 жылғы 28 сәуір, Астана қаласы Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары Жалпы ережелер 1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және  телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртiбiн айқындайды. 2. Теле-, радиокомпаниялардың конкурсқа қатысуға үміткерлердің (бұдан әрі – үміткерлер) өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады. 2. Конкурсты өткізу тәртібі 3. Комиссияның жұмыс органы болып табылатын уәкілетті орган конкурсты өткізудің ұйымдастырушысы ретінде әрекет етеді. 4. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастыру көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлық эфирлі, спутниктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады. 5. Конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. 6. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама оның өткізілуіне кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. 7. Ақпараттық хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) конкурсты өткізу уақыты, күні мен орны; 2) елді мекендердің (аумағы) атауы көрсетілген радиотелевизиялық станциялар туралы мәліметтер; 3) осы Қағидалардың 1 қосымшада көзделген нысанға телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдау орны және өтінімдерді қабылдауды бастау мен аяқтау мерзімдері. 8. Үміткер өтінімі сәйкес келмеген жағдайда, осы Қағидалардың 2 қосымшасында көзделген үміткерлердің конкурстық ұсыныстарын (бұдан әрі - конкурстық ұсыныстар) ұсынбаған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді. 9. Үміткердің конкурсқа қатысуға берген өтінімі оның осы Қағидаларда белгіленген және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада жарияланған шарттарда конкурсқа қатысуға ниетін білдіреді. 10. Тіркелген өтінім кері қайтарылып алынған жағдайда, үміткер ұйымдастырушыға жазбаша түрде хабарлама жібереді. 11. Конкурсқа қатысуға өтінім беруді үміткердің атынан әрекет етуге оның құқығын куәландыратын тиісінше рәсімделген сенімхатты көрсету арқылы үміткердің өкілі жүзеге асырады. 12. Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға келіп түскен өтінімдер және конкурстық ұсыныстар қабылданбайды. Себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы белгіні құжат қабылдауды жүзеге асыратын тұлға ұсынылған өтінімге қояды. 13. Ұйымдастырушы үміткерлердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері мен оларға қоса берілген конкурстық ұсыныстар, сондай-ақ өтінім берген тұлғалар мен олар ұсынған құжаттардың мазмұны туралы құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. 14. Өтінімдер және конкурстық ұсыныстар тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін, егер болса) куәландырылған түрде мөр басылған конвертте ұйымдастырушының мекенжайына ұсынылады. 15. Комиссия конкурсты өткізу туралы ақпараттық бағдарламада көрсетілген мерзімде және орында үміткерлер мен олардың өкілдерінің қатысуымен өтінімдер салынған конверттерді ашады. 16. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын бес жұмыс күні ішінде жасайды. Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, қатысып отырған мүшелері және хатшысы қол қояды. 17. Комиссия ұсынылған өтінімдерді қарап, конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады. 18. Үміткердің және /немесе/ оның уәкілетті өкілінің Комиссия отырыстарына қатыспауы себебінен конкурстық өтінім қайтаруға жол берілмейді. 19. Конкурс бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады және қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс бергенде қабылданатын болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып есептеледі. Комиссия шешім қабылдайтын кезде Хатшының дауыс беруге құқығы жоқ. 20. Тақырыптық бағыты мен жанрлық арақатынасы, меншікті теле-, радиобағдарламаларының, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияның көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орташа тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті жеңімпаздарды анықтау кезіндегі іріктеу критерийлері болып табылады. 21. Конкурс қорытындысы Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындылары туралы ақпараттық хабарлама екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасына Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға Өтінім Жалпы мәліметтер: 1. Заңды тұлғаның толық атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә.А. _______________________________________________________________ 2. Заңды мекенжайы: _______________________________________________________________ 3. Телефон, факс нөмірлері: _______________________________________________________________ 4. Теле-, радиоарнаның атауы: _______________________________________________________________ 5. Тақырыптық бағыты: _______________________________________________________________ 6. Тарату аумағы: _______________________________________________________________ 7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлі/спутниктік): _______________________________________________________________ Бірінші басшының/ дара кәсіпкердің қолы МО 20__ ж. «___»___________ (бар болған жағдайда) Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс: Шығармашылық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынады: теле-, радиоарналны тарату торы (келесі айға); мына мәліметтерден тұратын ақпарат: 1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты мен олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастарға және балаларға арналған, музыкалық теле-, радиобағдарламалар мен көркем, деректі фильмдер); 2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты; 3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрасляцияның арақатынасы; 4) орташа тәуліктік тарату уақыты; 5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті. Техникалық ұсыныстар Үміткер мыналарды ұсынады: теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және түрі туралы ақпарат; аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары; дыбысы мен бейнесінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларда эфирге беру жөніндегі міндеттеме; студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық оператордың желісіне дейін беру тәсілі туралы ақпарат; сигналдың (теле-, радиоарнаның) ұлттық оператордың желісіне дейін жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме. Қаржылық ұсыныстар төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар: 1) банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы; 2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі; техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындарын көрсету. Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға конкурстық ұсынысты барынща объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін, конкурстың мәні бойынша кез келген мәліметі бар қосымша құжаттарды ұсына алады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015жылғы 4 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11272 болып енгізілді.