14 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG-20151013-WA0011А.А.Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан. №102