АСТАНА. 14 қазан. Бүгін, 13 қазаннан 14-іне қараған түні футболдан 2017 жылғы жастар арасындағы (U-21) Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі шеңберінде Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Англиямен ойнады. Нәтижесінде ағылшындар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Кездесу Англияның Ковентри қаласында өтті. Алаң иелері алғашқы минуттардан бастап шабуылға шықты. Алайда, біздің команда сауатты қорғанып, үзіліске дейін өз қақпасына гол жібермеді.
Ал екінші таймда ойыншыларымыз бастапқыдай белсенділік таныта алмады. Салдарынан 53-минутта Рубен Лофтус-Чик айып соққысын өте керемет орындап, есеп ашты. Сондай-ақ, 70-минутта Нэтан Редмонд есепті еселесе, қосымша уақытта мергендігімен көзге түскен Чуба Экпом ойынның нүктесін қойды.
Осылайша жас футболшыларымыз аталған іріктеу сынындағы төрт ойынның үшеуінде жеңіліп отыр. Бүгінде үш ұпаймен Қазақстан өз тобында 4-орында келеді. Ал алты ұпайы бар Англия үшінші сатыда. Көш басында үш ойыннан 7 ұпай жиған Швейцария тұрса, екінші орынға Норвегия жайғасқан. Норвегтердің қоржынында да 7 ұпай бар. Алайда, олар бір ойын артық өткізуіне байланысты Швейцариядан кейін орналасқан. Турнир кестесінің соңында барлық үш ойында жеңіліс тапқан Босния және Герцеговина келеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше